Құрметті қауым,өткен жылы ауылымызда бірқатар жұмыстар жүргізілді. Оның ішінде өздеріңіз куә болып отырған бұрынғы ескі мектеп ғимаратын 43 млн өз қаражатын жұмсап, толық күрделі жөндеуден өткізіп, соңғы үлідегі заманауи құрал-жабдықтармен жабдықтап, жеке кәсіпкер Серік Абдыкаримов 75 орындық «Талшын» бала бақшасын ашып, қолданысқа берілді,
Сондай-ақ Жамбыл ауылында балалар спорттық-ойын алаңын жайластыру жұмыстарына 36 171 000 мың теңге қаражатқақұлағалы тұрған ескі кітапхананың орнын тегістеп, балаларға арналған спорттық-ойын алаңының құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді. (Оған 25 687 000мың теңге қаржы жұмсалды).
Ендігі кезекте округ бойынша 5 көшеге - Жамбыл ауылында Шаухаров, Талапты ауылында Төлебаев, Мәмбет ауылында Мұратбаев, Еңбекшіқазақ ауылында ПМК, маслозавод көшелеріне түнгі жарық шамдарын орнату жұмысы қолға алынды, бүгінде жұмысы басталып та кетті. Осылай кезең -кезеңімен барлық көшеге жарық орнатылатын болады деп жоспарлап отырмыз.
Енбекшіқазақ ауылындағы соғыс ардагерлеріне арналған ескерткішке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.