
Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту бойынша келесі жұмыстар жүргізілуде:
жұмыспен қамту саясатын жүзеге асыру,
нысаналы топтар мен оларды қорғау бойынша әлеуметтік шараларды анықтау, жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы қосымша жұмыс орындарын құруға қолдау көрсету,
жұмыссыздарды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру,
мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру,
әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру,
жастар тәжірибесін ұйымдастыру,
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес халықты жұмыспен қамтуды ұйымдастыру және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, мемлекеттік қызметтер көрсету;
халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін өзге де іс-шараларды жүзеге асыру, мүгедектерге әлеуметтік және қайырымдылық көмек көрсету;
арнаулы қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау.