
Спортта келесі жұмыстар жүргізіледі:
жеке тұлғалардың тұрғылықты жерінде және көпшілік демалыс орындарында спортпен айналысуына жағдай жасау;
спорттың әртүрлі түрлері бойынша бұқаралық спорт және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын өткізу және ұйымдастыру;
ауданда бұқаралық спорт пен ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз ету, аудандағы дене шынықтыру және спорт ұйымдарының қызметін үйлестіру;
спортшыларға спорттық разрядтар беру жұмысын ұйымдастыру;
спорттық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыру;
дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы ақпаратты жинау және талдау бойынша жұмыстарды жүргізу;
спорт түрлері бойынша құрама командалардың тізімдерін қалыптастыру, ресми дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
ауданда спорт нысандарын халыққа қолжетімді етуге жәрдемдесу;
спорт ұйымдарына әдістемелік және консультативтік көмек көрсету, дене шынықтыру және спорт саласындағы жетістіктерді және салауатты өмір салты қағидаттарын насихаттау;
спорт клубтары мен секцияларының жұмысын үйлестіру, жергілікті өзін-өзі басқару мүддесінде басқа да функцияларды жүзеге асыру.