"Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2024 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 1 ақпандағы № 443 Жарлығын іске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 16 ақпандағы № 96 қаулысы
"Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2024 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 1 ақпандағы № 443 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) әскерге шақыру комиссияларының жұмысын және әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі саны 39180 ер азаматты 2024 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында әскерге шақыруды жүргізуді қамтамасыз етуді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскерге шақыру пункттерін медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырсын.
|
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі |
О. Бектенов |