Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!
Халқымыз «Ер – елінің қорғаны» десе, даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы «Отан үшін отқа түс, күймейсің!» деп, елдік істі жоғары бағалаған. Елдік істің ең қасиеттісі Отанды қорғау, Отанға қызмет ету.
Елдің тыныштығы мен бейбіт өмірін сақтауда Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің еңбегі зор. Айбыны асқан Қарулы Күштеріміз жылдан-жылға нығайып келеді.
Құрметті Отан қорғаушы ұландар!
«Азамат сыны – ерлік, ерлік сыны – елдік» демекші, еліміздің әр азаматы атамекенін қорғауға, оның дамуына үлес қосуға міндетті. Еліне қорған, жеріне қалқан болған батырлардың ерлігі, тәлімді тәрбиесі жалғасын таба беруі керек. Мереке қарсаңында Сіздерге дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық пен шаттық тілеймін! Қызметте абыройлы болыңыздар! Әскеріміз қуатты, Тәуелсіздігіміз тұрақты болғай!
Ізгі ниетпен: Алғабас ауылдық округінің әкімі Әлішер Қайратбекұлы