Автожолдардың жабылуы туралы ақпарат

«Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ хабарламасы бойынша 2024 жылғы 14 наурыз сағат 21:30-дан бастап жел, қарлы боран және жол дың көрінуінің шектелуі түріндегі ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты облыстық маңызы бар 0-94 шақырым аралығы «Сарыөзек-Көктал»-Қоғалы-Көксу-Қарабұлақ» автожолы және Аралтөбе, Оңжас, Доланалы,Қоғалы ауылдарына кіреберіс жолдар барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс жабылды.

Жетісу облысының ТЖД азаматтардан осы бағытта жол жүруден бас тартуды және өз бағытын алдын ала түзетуді, сондай-ақ 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.

Дауыл туралы ескертулер мен өзге де шұғыл ақпарат алу үшін Сіз «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктей аласыз.

Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметі

Дата публикации
19 марта 2024