«Көкжиек» бастауыш партия ұйымы әлеуметтік, жеке шаруа, және мемлекеттік сала қызметкерлерінен құралған. Бастауыш партия ұйымында – 107 партия мүшесі бар. Оның ішінде 91 жұмыс жасаушы. Бастауыш партия ұйымы 6 топшадан құралған. Партия мүшелерінің саны күн санап артып келеді.
2023-жылға арналған партиялық жарнаның соммасы 393300 тг орындалуы 100%, трансферт бойынша 78660 теңге игерілді.
2023 жылы 8-қоғамдық қабылдау, 8 адам қабылданды. Оның 60 % шешімін тауып, 40 % түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«Көкжиек» бастауыш партия ұйымының жоспарына сәйкес «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламаларын кезеңімен жүзеге асырып келеді. «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында қарттарға әрдайым қол ұшын созып, олардың ертеңгі ел болашағы үшін еткен еңбегі мен өнегелі өмір жолынан тағлым алып, жастарды үлкендерді құрметтеуге баулитын 8 іс-шара (қарттарға көмек көрсетіліп, арнайы концерттік іс-шара мен қарттарға арналып мерекелік дастарқан жайылды) өткізіліп, 80 адам қамтылды.
«Кедергісіз келешек» партиялық жобасы - мемлекетіміздегі мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру сапасын жақсарту және тұрақты қамқорлық көрсету болып табылады. «Көкжиек» БПҰ тарапынан жоба аясында 6 іс-шара өткізіліп, 4 адам қамтылды.