Алғабас ауылдық округ әкімі Ә.Жұмабектің 2026 жылдың І-жарты жалдығы бойынша есептік көрсеткіші бойынша есебі

 

Алғабас  ауылдық  округ  әкімі Ә.Жұмабектің 2026 жылдың  І-жарты жалдығы бойынша  есептік көрсеткіші бойынша есебі

 

 Құрметті ауыл тұрғындары Бүгін сіздермен кездесіп, ауылымыздың жағдайы, тұрғындардың пікірі мен ұсыныстарын тыңдау үшін арнайы жиналып отырмыз. Халықпен тікелей жүздесу – біздің жұмысымыздың ең маңызды әрі жауапты бөлігі. Себебі, ауылдың шынайы жағдайын, күнделікті өмірдің тынысын тек өздеріңіздей тұрғындар жақсы білесіздер.

 

Бүгінгі кездесудің басты мақсаты – сіздермен ашық пікір алмасу, көтерілетін мәселелерді бірге талқылау және алдағы жоспарларымыздың бағыт-бағдарын ортақ түсіну. Тұрғындардың талабын, өтініш-ұсыныстарын тыңдап, оларды шешу жолдарын анықтау – әкімдік жұмысының негізгі принципі.

Құрметті жиынға қатысушылар!

«Алғабас ауылдық  округі  әкімінің  аппараты» мемлекеттік  мекемесіне                     5 штаттық бірлік берілген : ауылдық округінің әкімі, 3 бас  маман және 1 жетекші маман қызмет атқаруда.  

  Алғабас ауылдық округі екі елді мекеннен; Алғабас ауылы мен Қызылтоған ауылынан тұрады. Халық саны  - 1480 адамды құрайды, оның ішінде: 161 зейнеткер, І,ІІ,ІІІ- топ мүмкіндігі шектеулі жандар 47, көп балалы аналар  96, оның ішінде  «Алтын алқа» 28, «Күміс алқа» 38.

Жыл басынан E-Otinish Азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау платформасы арқылы 3 өтініш, 2 жеке қабылдау тіркеліп, барлығы 5 азаматтың сұраныстарына Заң талабына сәйкес жауап берілді.

Округтің әлеуметтік  саласында атқарылған жұмыстардың  нәтижесінде  төмендегі  әлеуметтік  мәселелер  оң  шешімін  тапты. 

Тұрғын үй саласы бойынша: Бүгінгі күні Алғабас ауылында    112 тұрғын үй, Қызылтоған ауылында 41 тұрғын үй газ желісіне қосылды. Әлеуметтік мекемелерден Алғабас ауылдық мәдениет үйі көгілдір отынға қосылып,  пайдаланылуда.

Әлеуметтік сала бойынша:

         Округ бойынша  жыл басынан қоғамдық  жұмыстарға 19 жұмыссыз  азамат жұмысқа тартылды.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша құжаттарды уақытылы қабылдауды және қажетті ақпараттық көмек көрсету бойынша бүгінгі күні  1 азамат құжаттарын дайындауда, қосымша ақпарат беру жұмыстары ұйымдастырылуда.

Санаттар бойынша (көп балалы ана, жұмыссыз ретінде тіркелген, мүгедектігі бар, қандас т.б) азаматтарға 1 мил 570 мың грант және «Ауыл аманаты» бойынша                 2,5 пайыздық несие алуға 18-63 жас аралығындары барлық азаматтар қатыса алады.  

«КазАгроФинанс» АҚ-ның тарапынан ауыл шаруашылығы техникаларына арналған «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы іске асырылуда. Бағдарламаның тиімділігі 10 жыл мерзімге, жылдық өсім 6 пайызбен, алғашқы жылы төлемсіз ауыл шаруашылығы техникасын алуға мүмкіндік береді. Аталған бағдарлама аясында  биылғы жылы 1 трактор (қосымша 1 пресс),    1 комбайын 6% бен 10 жылға және            7 жылға алынды.  

 

 

         Шағын және орта бизнес

          Округте ауыл шаруашылығымен шұғылданатын  56 шаруа қожалығы,  22 жеке кәсіпкер және халыққа қызмет көрсететін  4 сауда орны, 2 кафе бар, отандық тауар өндірушілердің тауарларын сатуға келетін кедергілерді қысқарту мақсатында округте орналасқан, сауда орнымен үш жақты меморандумдар жасалып, жеке шағын кәсіпкерлікпен айналысып, сауда жасап жүрген жеке тұлғалар бұл жұмысқа түсіністікпен қарап , бүгінгі күннің талабын орындауға қол ұшын беретіндерін білдірді.

Салық бойынша  2026 жылғы 2026 жылға жеке тұлғалардан түсетін салықтардың жоспары бекітілді. Сол жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылуда. Округ бойынша 396  автокөлік тіркелген.   Жеке және заңды тұлғалардан түсетін көлік салығын жоспар бойынша  жинау жұмысы қолға алынып, жұмыс жүргізілуде. Салық түсімдерінің орындалуы 160,3% (жоспар 4 млн 413 мың теңге, нақты орындалғаны 7 млн 076 мың теңге) құрады. Қалған салық берешегі бар 50 адам         1 миллион 545 мың теңге

Қазіргі уақытта жеке тұлғалардан     7 076 964   тенге түсім түсірілді.

    Инфрақұрылым бойынша округте  10 көше , 10 көшеге асфалт төселінген, Көше жарығымен 10 көше қамтылған.

    Алғабас ауылдық округіне қарасты Қызылтоған ауылындағы Лабілданов, Жаңа, Ысқақ көшелеріне жаңа жарық шамдарын орнатуға 74 млн 563 мың теңге бөлінген, «Алакөл-Асыл-құрылыс» ЖШС ұтып алып, қазіргі уақытта жұмыс аяқталып, қолданысқа берілді.

         2026 жылға бекітілген қаржы 139 млн 652 мың теңге,оның ішінде 001- 40 млн 052 мың теңге. Мемлекеттік органның күрделі шығыстарына 600 мың. Ауылдық округтің коммуналдық мүлкін басқаруға 65 мың, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық шығыстарына, елді мекен көше жарықтандыруға электр қуаты үшін 2 млн 300 мың. Санитарлық қызметіне заңсыз қоқыс аумақтарын тазартуға 745мың теңге. Елді мекенді абаттандыру мен көгалдандыруға билбордқа 600 мың, Мерекелік безендіруге 350 мың,   ағаш кесу жұмыстарына 500 мың, Саябақ пен алаңды күтіп ұстауға 1 млн 800 млн. Көлік және коммуникацияға 2 млн  теңге бөлінді.    

Ауылшаруашылығы  саласы  бойынша: 

         Ауылшаруашылығы өнiмдерiн өндiрумен 2025 жылы 56 шаруа қожалығы оның  33 ШҚ егін шаруашылығымен, 23 ШҚ мал шаруашылығымен шұғылданады. 

Егін шаруашылығы саласында барлығы 2706 гектар егістік  жер алқабы толығымен мақсатты түрде игеріліп, оның ішінде; 855 га жаздық арпа, 164 гектар жаздық бидай,     418 гектар күздік бидай, 681 га көп жылдық, 490 га бір жылдық шөп егіліп, қазіргі таңда жұмыстары толығымен  аяқталды.

Каналдардың тазалығы бойынша негізгі  каналдардың тазарту жұмыстары толығымен жүргізіліп, көмейлер толығымен бекітіліп, көктемге су тасқынын алдын алу мақсатында жұмыстары жүргізілуде.

Мал шаруашылығы бойынша:

         2026 жылдың 01 қаңтарға есеп бойынша: жалпы 2067 бас ІҚМ (1218 аналық бас ІҚМ), 7134 бас (оның 4052 аналық) қой ешкі, 1608 бас жылқы,(оның ішінде     922 аналық бас) өз төлі есебімен көбеюде.

        Орта  білім  беру  жұмыстары  білім  беру  бағдарламасына  сәйкес  іске  асырылуда. 2025-2026 жылғы жаңа оқу жылына байланысты Алғабас орта мектебінде 215 оқушы (мектеп бітіруші түлектер 11 оқушы), Қызылтоған орта мектебінде 96 оқушы білім алуда, (мектеп бітіруші түлектер 11 оқушы).  Білім бағдарламасы жоспарға сәйкес жүргізілуде. Жаңа оқу жылына орай Алғабас ОМ 52 тн 200 литр, Қызылтоған ОМ 31 тн 595 литр сұйық отынмен толық қамтамасыз етілді.

          Балаларды  мектепке  дейінгі  тәрбиемен  қамтамасыз  ету  үшін Алғабас ауылында «Балауса»  бөбекжай бала бақшасы қызмет көрсетеді. Жылыту маусымына орай 15991л сұйық отынмен толық қамтамасыз етілді      

Қазіргі уақытта 3 топта 60  бала тәрбиеленуде.   

Денсаулық сақтау саласы бойынша Алғабас ауылдық дәрігерлік амбулаториясы және   Қызылтоған ауылында  фельдшерлік амбулаториялық пункті халыққа қызмет көрсетеді. Алғабас АДА -7 штаттық бірлікпен  (1-врач, 1-акушер, 1 медбике, 1-күзетші, 1 тазалықшы, 1- автокөлік жүргізуші) және  1 жаңа автокөлікпен қамтылған. Қызылтоған ФАП – 3 штаттық бірлікпен қамтылған. Емдеу – профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде эпидахуал  тұрақты. Бюджет тарапынан 1-5 жас аралығындағы балаларға, сонымен қатар созылмалы жүрек ауруы, артериялық қан қысымының жоғарлауы, бронх демікпесі (бронх асма), созылмалы өкпе ауруларында, асқазан және ұлтабар жарасы ауруында тегін дәрі – дәрмекпен қамтамсыз етіліп тұрады.

Тазалық жұмыстары бойынша: «Таза Қазақстан» акциясы аясында санитарлық тазарту, көркейту, көгалдандыру мақсатында ауыл тұрғындарының қатысуымен сенбіліктер өткізледі. Ағымдағы жылы осындай сенбіліктерде ауылымыздың көшелері тазаланып, жабайы күл-қоқыс орындары жойылып,  әртүрлі құрамдағы қоқыс шығарылды. Әр Бейсенбі және сенбі күндері «Тазалық күндері» болып жарияланып, ауылымыздың тазалық жұмыстары мектеп, балабақша, әкімшілік, дәрігерлік амбулатория қызметкерлерімен және ауыл тұрғындарымен 20 шақырым жол бойы тазаланды, 110 тонна күл-қоқыс шығарылды, 210 түп көшет ағаштар отырғызылды.

.   "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында 2026 жылы  Таза аула атты акция аясында сенбілікке округке мекемелер және әкімшіліктен барлығы 115 адам белсене қатысты. Сенбілікке ауыл тұрғындары, жастар, мекеме қызметкерлері белсене қатысып, көшелер мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар, аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, тазалық сақтаудың маңыздылығы түсіндірілді. Акциясы аясында бұлақ көздерін тазалау, табиғи көздерін қорғау,экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша ауыл тұрғындары      белсене қатысып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты.

Ауылдық округ бойынша қоғамдық-саяси ахуалы тұрақты бақылауда.  

 

Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар:

  1. 2025 жылға Негізгі канал- тоғанын тазалау жұмыстарын жүргізу, шаруа қожалықтарының, тұрғындардың бақша, суармалы жерлерін сумен қамтамасыз ету.
  2. «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы ауыл тұрғындарының жеке кәсіп ашып әл-ауқатын арттыруды, өндірістік жұмыс орындарының ашуларына көмек көрсету.
  3. Алматы-Өскемен тас жолы бойын мал өтіп, жол көлік оқиғасын болдармау үшін жол жиегін қоршау, жарық шамдарын орнату жұмыстарын жүргізуді жеделдету.
  4. Алғабас ауылындағы Әубәкір-Бостан көшесінің, Қызылтоған ауылы Жаңа көшесіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу,
  5. Қызылтоған, Алғабас ауылдарына балалар ойнау алаңдарын салу.

Алдағы уақытта ауылдың тұрмыс сапасын жақсартуға арналған бірқатар бастамалар қарастырылуда. Бұл – жол, инфрақұрылым, әлеуметтік нысандар, қоғамдық мәдениет, жастар мен отбасы мәселелері сияқты бағыттар. Нақты мәселелерді кезең-кезеңімен шешу үшін объективті ақпарат, ортақ талқылау және тұрғындардың белсенділігі қажет. Біздің мақсат – ауылдың әрбір тұрғыны өзгерісті сезіне алатын жағдайға жеткізу.

Ауылдағы ауызбіршілік – ең басты құндылық. Жастарымыздың тәрбиесі, үлкендерге көрсетілер құрмет, мәдени іс-шараларға қатысу, қоғамдық жұмыстарды қолдау – бұлардың бәрі ауылдың рухани деңгейін көтереді. Осы бағытта әрқайсымыз жауапкершілік танытсақ, ауылымыздың келешегі одан әрі жарқын боларына сенімім зор.

 

Құрметті ағайын!

Мен сіздерден тек бір нәрсе сұрағым келеді – әрбір мәселені уақытылы айтып, ашық пікір білдіріп отыруды. Әкімдік тарапынан әр ұсыныс ескеріліп, мүмкіндіктерге қарай қажетті шаралар қабылданатын болады. Есігіміз әрдайым ашық, халықпен байланыс үзілмейді.

 

Бүгінгі кездесуге уақыт бөліп келгендеріңізге шын жүректен алғыс айтамын. Ауылымыздың болашағы – біздердің бірлігіміз бен ынтымағымызда. Ортақ мақсат жолында бірге жұмыс жасайық.   

Тыңдағандарыңызға рақмет!

 

 

 

 

 

 

 

Алғабас  ауылдық  округ  әкімі Ә.Жұмабектің 2026 жылдың  І-жарты жалдығы бойынша  есептік көрсеткіші бойынша есебі
Дата публикации
05 мая 2026