Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры жаңа мемлекеттік координаттар жүйесі QazTRF-23-ке көшеді. Сол себепті демалыс және мереке күндері, 2026 жылғы 23 қазан сағат 19:00-ден 27 қазан сағат 00:00-ге дейін ЖМБМК мен Жария кадастрлық картасында техникалық жұмыстар жүргізіледі.
Технологиялар дамыған сайын координаттарды анықтау тәсілдері де жаңаруды қажет етеді. Бұрын координаттар спутниктік технологиялар пайда болмай тұрып жасалған әдістермен анықталса, бүгінде заманауи технологиялар бұл жұмысты дәлірек орындауға мүмкіндік береді. Жаңа координаттар жүйесіне көшу – әлемдік тәжірибе және Қазақстан да осы бағытта жұмыс жүргізіп жатыр. Осыған байланысты мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі кеңістіктік деректер, цифрлық карталар мен сервистер жаңа координаттар жүйесіне көшіріледі.
QazTRF-23 – ескірген геодезиялық жүйелердің орнына іске қосылған заманауи әрі ашық мемлекеттік координаттар жүйесі. Оның көмегімен Қазақстан аумағындағы жер учаскесінің, ғимараттың, жолдың немесе басқа да обьектінің орналасқан жері анықталады.
Аталған күндер аралығында жер кадастрына, жылжымайтын мүлікті техникалық тексеруге және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге қатысты мемлекеттік қызметтерге өтініш қабылданбайтынын ескерген жөн. Бұл ретте, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы электрондық анықтамаларды цифрлық сервистер арқылы алу мүмкіндігі сақталады.
Алдағы өзгерістерге байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы азаматтар мен ұйымдарға қажетті мемлекеттік қызметтерді алуды алдын ала жоспарлауды ұсынады. Техникалық жұмыстар аяқталғаннан кейін цифрлық сервистер әдеттегі тәртіпте жұмысын жалғастырады.
Қазақстан Республикасы күні мерекесіне орай, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚКО-лар дүйсенбі, 26 қазан күні жұмыс істемейді.
Бұл ретте, 24 қазан, сенбі күні кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар жұмыс істейді. ХҚКО-лар азаматтарды сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды. Мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштер сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін қабылданып, құжаттар 13:00-ге дейін беріледі.
Шығыс Қазақстан облысындағы ХҚКО-лардың жұмыс күні бір сағатқа ерте басталып, бір сағатқа ерте аяқталатынын ескерген жөн.
27 қазаннан бастап ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар әдеттегі жұмыс кестесіне сәйкес қызмет көрсетеді.
Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың өзекті тізімін Мемлекеттік корпорацияның Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасынан, сондай-ақ 1414 нөмірі арқылы білуге болады.
🎓 2026 жылғы 7 қазаннан бастап GPA көрсеткіші 3,33 және одан жоғары болатын жоғары оқу орындарын үздік дипломмен бітірген түлектер мемлекеттік қызметтегі төменгі лауазымдардағы бос жұмыс орындарымен танысып, https://eqyzmet.gov.kz порталы арқылы өтінім бере алады.
🔎 Инфографикамен танысып, eQyzmet порталындағы «Түлектерге арналған бос орындар» бөлімі ұсынатын мүмкіндіктерді пайдаланыңыз.
☎️ Қосымша сұрақтар бойынша Департаментке хабарласуға болады:
📞 +7 (7282) 24-06-88
📞 +7 707 301 00 71
«Көксу жылу-су сервис» МКК тұтынушыларға 2026 жылғы 1 қарашадан бастап суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің 2026 жылғы 20 қазандағы №84-НҚ бұйрығымен мынадай тарифтер бекітілгенін хабарлайды:
· орташа тариф - 285,42 теңге/м³ (ҚҚС-пен);
· халық үшін 149,83 теңге/м³;
· бюджеттік ұйымдар үшін - 679,19 теңге/м³;
· өзге тұтынушылар үшін - 251,67 теңге/м³.
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Құрметті Айнабұлақ ауылдық округінің тұрғындары!
Округ әкімі Бәзілов Мәулен Сайлаубайұлы 2026 жылғы 19-қазаннан бастап еңбек демалысына шықты.
Осыған байланысты округ әкімінің міндетін уақытша атқару округ әкімі аппаратының бас маманы Дакен Рамазанға жүктелді.
Барлық сұрақтар бойынша Айнабұлақ ауылдық округінің әкімдігіне хабарласуларыңызға болады.
Байланыс телефоны:8-72-838-32005
Айнабұлақ ауылдық округінің әкімдігі
ҚАРТТАРЫМ – ҚАЗЫНАМ! / ҚАҚАРЛЫ ҚАРТТАРЫМЫЗҒА ҚҰРМЕТ!
Айнабұлақ ауылдық округінде Қарттар күніне орай салтанатты іс-шара өтті.
Ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты аналарымызға арналып ақ дастархан жайылды. Ән шырқалып, жүрекжарды тілектер айтылды, қарияларымыздың ақ батасы берілді.
Құрметті ардагерлер! Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз – біз үшін үлкен қазына. Зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз!
«Көксу жылу - су сервис» МКК тұтынушыларды 2026 жылдың 1 қазанынан бастап жылумен жабдықтау қызметі бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің 2026 жылғы 18 қыркүйектегі №67-НҚ бұйрына сәйкес тарифтер бекітілгенін хабарлайды: орташа тариф - 13 379,47 теңге ҚҚС-мен, халық есепке алу аспабы бар - 2 114,38 теңге, халық есепке алу аспабы жоқ 4 304,03 теңге және 163,55 теңге. Бюджеттік ұйымдар есепке алу аспабы бар - 15 034,15 теңге, бюджеттік ұйымдар есепке алу аспабы жоқ - 36 631,47 теңге, өзге тұтынушылар есепке алу аспабы бар - 13 266,98 теңге, өзге тұтынушылар есепке алу аспабы жоқ - 19 903,92 теңгені құрайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы: жаңа билік архитектурасы