Атқарылған жұмыстар бойынша мәлімет

Айнабұлақ ауылдық округі бойынша 2023 жыл  атқарылған жұмыстары туралы қысқаша мәлімет және 2024 жылы атқарылатын жұмыс жоспары

 2023 жылы Айнабұлақ ауылдық округі әкімдігінің жаңа ғимараты салынып қолданысқа берілді. Мердігер ЖШС «АЛАУ»

Көктемгі дала жұмыстары

2023 жылы көктемгі дала жұмыстарына Жартоған бойынша 10 дана LR-80 латоктары ауыстырылып, орта тоғанның 2000 метрі, Кемертоған арығы 1000 метрі топырақттан құмнан тазартылды.

2024 жылы  көктемгі дала жұмыстарына Жартоған бойынша 10 дана LR-80 латоктары ауыстыру, орта тоғанның 1000 метрі, Кемертоған арығы 2000 метрі топырақтан құмнан тазартуы жоспарлануда. Дефекті актсі дайындалып ауыл шаруашылық  бөліміне ұсыныс берілді.

2024 жылға Подхоз ПЧ-45 ауылы Железнодорожная көшесінің арықтарын тазартуға жобалық есеп сметалық құжаттары дайындалды.

Көктемгі тазалау, абаттандыру, көгалдандыру  жұмыстары:

  «Таза сәрсенбі» және санитарлық тазалық сенбіліктері ұйымдастырылып, 150 түп ағаш және 50 түп гүл отырғызылды. Санитарлық тазарту бойынша  ИП «ЕРБОЛАТ» арқылы келісім шарт жасалып 150 тн күл қоқыс шығарылып күл-қоқыс полигоны уақтылы тазартылды.

Қоғамдық жұмысшыларды ұйымдастырып, ішкі көшелер және шыға беріс  жолдар ұзындығы 3 км арықтар тазартылды.

Округке кіре беріс ұзындығы 10 км жолдардың бойындағы ағаштарды кесіп, ретке келтіру жұмыстары орындалды

Ағаш кесуге 267 000 теңге қаражат бөлініп, « Абенова » ЖШС  40 ағаш кесті.

2024 жылға  Айнабұлақ бекетіне балалар ойын алаңын салуға 9 млн 870 мың тг қаражат бөлініп мердігер анықталды. ЖШС «САПА ҚҰРЫЛЫС»

2024 жылы ЖК «ЖЕТІСУ» мердігерімен ауылы ішіндегі қарды күреу және Санитарлық тазарту бойынша келісім шарт жасалынды.

2024 жылы көктемгі уақытта 200 түп ағаш және 50 түп гүл отырғызу жоспарлануда.

 2024 жылға  Подхоз ПЧ-45 ауылына шағын спорт алаңы мен воркаут салуға жерге орналастыру құжаттары жасалуда.

Көше жарық шамдары және көшелерге орташа жөндеу

 2023 округ бойынша 6 көшеге жерге орналастыру құжаттары алынып  Айнабұлақ бекеті Рамазанов, Ағыбай Бартай көшелері Подхоз ПЧ-45 ауылында Рыскулов, Байшапанов көшелеріне  ЖШС «Lion’s group» арқылы 2 млн 500 мың теңгеге келісім шарт жасалынып  жобалық смета құжаттарымен сараптама жұмыстары жасалынып бітті.

2024 жылы Айнабұлақ бекетінің  Рамазанов, Ағыбай Бартай көшелері Подхоз ПЧ-45 ауылында Рыскулов, Байшапанов көшелеріне  көше жарық шамдарын орынатуға 58 млн тг қаражат бөлініп конкурска берілді.

Рамазанов, Набрежная, Алдабергенов көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарына 23 млн тг қаражат бөлініп конкурска берілді.

2024 жылы Подхоз ПЧ-45 ауылына блок-модульдік фельдшерлік пункт және Айнабұлақ бекетіндегі Кемертоған көшесіне блок-модульдік ветеринариялық пункт салу жоспарлануда.

Айнабұлақ бекетіндегі Кемертоған көшесіне қиршық тас төсеуге жобалық сметалық құжаттары дайындалуда.

Округ бойынша газдандыру 2024 жылға қаражат бөлініп мердігер анықталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Атқарылған жұмыстар туралы қысқаша мәлімет
Дата публикации
29 февраля 2024