2024 жылға арналған Айнабұлақ ауылдық округінің
бюджетінің көрсеткіштерін түзету туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 44-бабының 8-тармағына,104-бабына, 111-бабына сәйкес, Айнабұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- 2024 жылға арналған Айнабұлақ ауылдық округінің бюджетінің көрсеткіштеріне осы шешімнің қосымшасына сәйкес түзету жасалсын.
- «Көксу ауданы Айнабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 2024 жылғы 01 наурызға дейінгі мерзімде 2023 қаржы жылында пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) нысаналы трансферттерді облыстық бюджетке қайтаруды жүргізсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау жасауды өзіме қалдырамын.