
Мәдениет саласы бойынша келесі жұмыстар жүргізіледі: театр, музыка және кино өнері, кітапхана және мұражай ісі, мәдени-демалыс жұмыстары салаларында ауылдық мәдениет үйінің қызметін үйлестіру, жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер мен конкурстар өткізу, өз құзыреті шегінде мәдениет саласында коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асыру, жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде өзге де функцияларды жүзеге асыру.