
Жер қатынастары бойынша келесі жұмыстар жүргізіледі: Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 10 қаңтардағы Жер кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерін жеке меншікке және жер пайдалануға беру туралы әкімдіктің өкімдерінің жобаларын дайындау, жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін анықтау. Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру бойынша ұсыныстар дайындау, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерінің құқықтарын сату бойынша сауда (конкурс, аукциондар) ұйымдастыру және өткізу туралы ұсыныстар енгізу, жер учаскелерін жалдау және сатып алу-сату шарттарын жасау, іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру туралы ұсыныстар дайындау, құрылыс салу ережелерін және құрылыс, қайта жаңарту, қалпына келтіру, күрделі жөндеу, абаттандыру, көгалдандыру мәселелерін реттейтін, Өнеркәсіптік-азаматтық мақсаттағы объектілерді және басқа да объектілерді салу және жөндеу барысын бақылау, құрылыс объектілерінің жұмысын бақылау, Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асыру.