Кербұлақ ауданы Қоғалы ауылдық округінің бес елді мекенінде өткен 2021 жылдың қорытындысы бойынша Баядилов Асқар Оңғарұлының халыққа есеп беру кездесулері өтті. Есеп беру жиналыстарына 165 адам қатысты. Кездесу барысында 13 жергілікті тұрғын өз ұсыныстары мен ескертулерін айтты. Барлығы 10 ұсыныс түсті.