2022 жылғы 3 ақпанда Кербұлақ ауданының барлық сайлау учаскелерінде "Дүниежүзілік сайлау күніне"арналған іс-шаралар өткізілді.
Кербұлақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы бекіткен Күнтізбелік жоспарға сәйкес, барлық сайлау учаскелерінде "Ашық есіктер күні", ауданның барлық орта мектептерінде "Сайлау және сайлану Конституциялық құқығы"тақырыбында дөңгелек үстелдер мен сынып сағаттары өткізілді.
"Дүниежүзілік сайлау күні" аясында өткізілген іс - шаралардың басты мақсаты-азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мәселесіне адамдардың назарын аудару, жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру.
Барлық іс-шаралар аумақтық және учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің қатысуымен өтті. Жалпы аудан бойынша осы іс-шараларға 1153 адам қатысты. Аудан мектептерінің жоғары сынып оқушылары арасында өткізілген дөңгелек үстелдер мен сынып сағаттарында учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне мемлекетіміздің сайлау жүйесіне қатысты көптеген сұрақтар қойылды.Бұл жастардың қоғамдық және саяси белсенділігіне қызығушылығын білдіреді.
Барлық учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері бұл іс-шараларға үлкен жауапкершілікпен қарады! № 599 – төрағасы Ф.Жанысбекова, № 603 – төрағасы К. Мулькибаева, № 604 – төрағасы Л. Бекова, № 610 – төрағасы А. Қожабергенова, № 645 – төрағасы А. Бекбергенов, № 1044 – төрағасы Қ. Қыстаубаева сияқты учаскелік сайлау комиссияларын ерекше атап өткіміз келеді.
Кербұлақ аудандық сайлау комиссиясының атынан учаскелік сайлау комиссияларының барлық мүшелеріне, сондай-ақ аудан мектептерінің ұжымдарына аталған іс-шараны ұйымдастыруға белсенді қатысқаны үшін алғыс айтамыз.
Кербұлақ аудандық сайлау комиссиясы