Меню

Страницы

Статья

2022 жылғы 3 ақпан - Дүниежүзілік сайлау күні !

Жыл сайын ақпанның алғашқы бейсенбісінде барлық елдерде 2005 жылы Будапештте сайлау органдарының кәсіби мерекесі ретінде құрылған Дүниежүзілік сайлау күні аталып өтеді. Биыл мереке 3 ақпанда өтеді.

Дүниежүзілік сайлау күнін атап өту дәстүрі Еуропа елдерінің сайлауын ұйымдастырушылар қауымдастығыменбасталған, ал Қазақстан Республикасы оның толық құқылы мүшесі болып табылады.

Дүниежүзілік сайлау күнін белгілеу арқылы қоғам санасында демократияландыру процесін жүйелеу, сайлау процесіндегі жетістіктер туралы халықты хабардар ету және сайлаушылар арасында демократиялық құндылықтарға бейімділікті қалыптастыру болып табылады.

Еліміздегі өткен сайлау процестері аудан тұрғындарының сайлау және сайлану құқығын іске асыруға бағытталған.Сайлауды ұйымдастыру және өткізу саласының мамандары азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мен тұрғындардың сайлауға белсенді қатысуын көздеді.

Кербұлақ аудандық сайлау комиссиясының мәліметінше, ауданда 60 сайлау комиссиясы құрылған, оның ішінде жалпы саны 334 адамды құрайтын  1 аумақтық және 59 учаскелік сайлау комиссиялары бар. ҚР Орталық сайлау комиссиясының бастамасымен 2022 жылғы 3 ақпанда Кербұлақ ауданында учаскелік және аумақтық сайлау комиссияларында Ашық есік күндері өткізіледі. Ашық есік күндері мен бірге сайлау комиссияларының мүшелері орта мектеп оқушыларымен «Таңдау және сайлану конституциялық құқығы» тақырыбында кездесулер өткізіледі.Шараның негізгі мақсаты - жастарға сайлау жөнінде толыққанды ақпарат беру, олардың саяси, заңдық сауатын жетілдіру.

Ұйымдастырушылардың алдына қоятын негізгі міндеті - еліміздің азаматтарының санасында негізгі демократиялық қағидаттар мен постулаттарды орнықтырудағы сайлаудың рөлін ашу, жас сайлаушылардың өз құқығын білуі және түсінуі, Конституциямен кепілдік берілген демократиялық бостандықтарды жүзеге асыру шеңберінде тікелей немесе өзінің еркін сайланған өкілдері арқылы мемлекетті басқаруға қатысу мүмкіндігін беру.

Өздеріңізге белгілі, 2021 жылдың 10 қаңтарында елімізде Парламент Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы, 2021 жылдың 25 шілдесінде Басши, Жоламан, Қызылжар, Сарыөзек   және  2021 жылдың 12 қыркұйегінде Шұбар ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті. Аталған  саяси науқандарға аудан тұрғындары белсенділікпен қатысып, саяси ұстанымдарын таңдады!

 

Дата публикации
01 февраля 2022
Дата обновления
01 февраля 2022
Тип

Сейчас читают

07 июля 2026
Инфографикалар
02 июля 2026
Құрылтай - 2026
13 марта 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы