Сіздерді Ұлттық домбыра күнімен және халықты жұмыспен қамту орталығының құрылғанына 10 жыл толуымен құттықтаймын!
2018 жылы 13 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен, Қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында, шілденің бірінші жексенбісі «Ұлттық домбыра» күні болып айқындалды.
Бұл – Елбасының рухани жаңғыру жолын және
салт-дәстүріміздің мән-маңызын дәріптейтін игі бастама.
Қос ішекті қара домбыраның үнінде Ұлы даланың тамыры терең тарихы мен сан ғасырлық шежіресі бар.
Қазақтың бекзат болмысы мен асыл қасиеттері қашанда әнмен әрленіп, күймен көмкерілген.
«Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра», - деп халқымыздың көрнекті ақыны Қадыр Мырза Әлі жырлағандай біз ұлттық аспабымызды бүкіл әлем мойындаған мәдени құндылыққа айналғанын мақтан етеміз.
Атадан балаға аманат болған осындай асыл қазынамызды қадір тұту бәріміздің қасиетті борышымыз.
Қазақтың дәстүрлі ән-күйін насихаттап жүрген барша өнерпаздарға алғыс айтамын.
Күреңбел өңірі де әншілер мен күйшілерге кенде болмаған. Әйгілі Тезек Төре де көңіл күйін домбырамен күмбірлеткені бізге тарихтан мәлім.
Әйгілі Жетісудың жыр жүйрігі Әбікен атамызда қоңыр домбырасын қолынан тастамай талай айтыстардың жеңімпазы Жетісудың дүлділі болған.
Ауданымызда өнер қонған, қолына домбыра тисе әрқайсысы ән салып, күй шертетін Қоянкөз ауылының азаматтарын ел ертеден мақтаныш тұтады.
Қарашоқы, Басши ауылының өнерпаздарыда талайды тамсандырған жандар. Кеңес заманында да ұлттық өнерді дәріптеп бүкілодақтық көркемөнерпаздар фестивалінің лауреаты атанған Жексембаевтар жанұялық ансамблі ауданымызды талай жерге танытқан болатын.
Бүгінгі таңда еліміздің мақтанышына айналған облыс көлеміне танымал «Күреңбел фольклорлық –этногрфиялық ән-би ансанбілі» де қазақтың әндерімен күйлерін паш етіп насихаттап жүр.
Осындай меркеде өнерімен елге танылып жүрген әншілер Алмас Жексенбаев, Оралбек Тұрысбеков, Азамат Үмбетовтердің, қобызшылар Тұрсынай Рахимова , Алфия Жексенбаева, домбырашылар Арайлым Бектемісова, Батыржан Дайынбаевтардың өнерлерін мақтан тұтамыз. Бабадан мұра болып қалған Домбыра үні болашақтада жаңғырып, ұрпақтан ұрпаққа жететініне кәміл сенеміз. Қолына қазақтың киелі аспабын серік еткен Сіздерге шығармашылық табыстар тілеймін! Әрдайым өнерлеріңіз өрге жүзссін!
Ұлттық Домбыра күні мерекесі құтты болсын!
Әр шаңырақтан ән-күй үзілмесін!"
Бүгінгі осы мерекемен тұспа – тұс келіп отырған жұмыспен қамту орталығы 10 жыл ішінде тек ресми шара ғана емес, мейірімі мен шапағаты мол салаға айналды.
Елбасымыздың тапсырмасына сәйкес, елде жалпы жұмыссыздық деңгейін азайту, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және өзге де біліктілігі жоқ адамдарды өнімді жұмысқа тарту мақсатында еңбек нарығында қалыптасқан проблемаларды шешіп, халықтың өмір сүру деңгейін арттыру үшін «Жұмыспен қамту 2020 - жол картасы» бағдарламасы жарық көріп 2011 жылдың 1 шілдесінде халықты жұмыспен қамту орталығын құрып үкіметтің алдына халықты кәсіпкерлікке ынталандырып, жұмыспен қамту міндетін қойды. Адам капиталының сапасын арттыру саясатын жаңғырту, кәсіпкерлікті қолдау, Қазақстан әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі тұжырымдамасында да даму бағыты ретінде айқындалған.
Нәтежиелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленіп, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілді.
Бұрынғы «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасының орнын басатын бұл бағдарламаның бірнеше өзгешеліктері бар. Ең бастысы бұл бағдарлама аясында бірінші кезекте жұмыссыз азаматтарға тегін кәсіби білім беру, сондай-ақ қайта даярлауға мұқтаж азаматтарды қысқа мерзімді оқыту курстарына, дуальді оқытуға тарту. Нәтижесінде азаматтарға кәсіби білім бере отырып, жаппай кәсіпкерлікті дамыту.
Аудандық жұмыспен қамту орталығының ең алғашқы болып ірге тасын қалаған Серік Қасаблатов, Мұхит Құрманбеков, кәсіптік даярлау қайта оқыту бағыты бойынша Алмагүл Күздеубаева, маусымдық қоғамдық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізген
Әсел Дәуренбекованы ерекше атап өтсек болады.
Бүгінгі таңда халықты әлеуметтік қорғау жүйесі жетілдіріліп келеді. Әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің саны артып, мұқтаж жандарға әртүрлі көмектер көрсетілуде.
Сіздердің еңбектеріңіз еліміздегі әлеуметтік саясатты оңтайлы жүзеге асыруға мүмкіндік беруде.
Бұл да адам құқықтары мен қоғамдық тұрақтылықтың сақталуының бір көрінісі. Әлеуметтік сала қызметкерлерінің үкіметтің отбасылық құндылықтарды дамыту және қорғау бағытында жүргізіп отырған саясаты мен оның нақты жемісін қарапайым халыққа жеткізудегі маңызы ерекше.
Аталған саланың басты құндылығы – кәсіби деңгейі жоғары, адамгершілік ізгі қасиеттерді бойына сіңіре білген қызметкерлердің көмекке зәру жұмыссыз азаматтарға, жастарға, жағдайы төмен отбасыларына, жетімдер мен мүгедектерге қол ұшын созуға әрқашан әзір болуы.
Адамдар бойындағы сенім, мейірім мен әділеттілік қасиеттерін одан әрі нығайтудың маңызы зор.
Қажырлы еңбектеріңіз, кең жүректеріңіз, өзгенің қайғысына көз жұмып қарай алмайтын адалдықтарыңыз, ақжүректіліктеріңіз үшін сіздерге мың алғыс.
Әрқашан аман-сау болып, өздеріңіз жүректерінде сенім отын жаққан жандардың да ғұмыры ұзақ, өмірі шуақты болсын.
Сіздерді Халықты жұмыспен қамту орталығының құрылғанына 10 жыл толуы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.
Қиын да қажетті мамандық бойынша тер төгіп жүргендеріңіз үшін шын көңілден шексіз ризашылығымды білдіре отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт тілеймін.
Ел игілігі жолында жаңа табыстарға жете беріңіздер!
Мерекелеріңіз құтты болсын !