Меню

Страницы

Статья

Аудан әкімінің Алғыс айту күнімен құттықтау сөзі

Құрметті қауым! Киелі Күреңбел өлкесінің  тұрғындары! Қадірлі қонақтар!

Шұғылалы көктем айының алғашқы  күні   тойланып отырған  «Nur Otan» партиясының, Қазақстан халқы ассамблеясының құрылған күні және бірлік пен келісімді айқындаған  – «Алғыс айту» күні  құтты болсын.

1999 жылдан бері партия жылынамасына алтын әріптермен жазылған  Партия күнін атап өту игі дәстүрге айналды.

«Nur Otan» партиясы – еліміздің қарқынды дамып, өркендеуін мақсат тұтқан партия, жетекші саяси күш.

2021 жыл үлкен саяси науқандармен басталды. Сайлау өтті, барлық денгейдегі әкімдер тұрғындар алдында есептерін берді, жоспарларын бекітті.

Кербұлақ ауданының 30 780 электораттың 90,8% сайлауға қатысты.

 (27 947, оның ішінде 28 бүлінген бюллетен, сайлау күні  жабық учаскедегі сайлаушылардың саны  1 112 адам болды (әскери бөлім). Сайлаудың қорытындысы бойынша күреңбелдіктердің 91,6 пайызы «Nur Otan» партиясына дауыс берді.

Нәтижесінде аудандық мәслихаттың 13 депутатының 12-і «Nur Otan» партиясының мүшесі. Бұл сайлаушыларымыздың партияға деген сенімі.

Сіздерді саяси науқанға қатысқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Белсенді қатысқан ардагерлерге, зиялы  қауымға  және жастарға ризашылығым зор. Сіздер еліміздің болашағы үшін дауыс бердіңіздер.

Құрметті қауым!                                                       

Елбасымыз Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлының 2016 жылғы 14 қаңтарындағы  №173 Жарлығы қабылданып, 1 наурыз Қазақстан халқы Ассамблеясының, Алғыс айту күні  болып белгіленді.

 Тағылымы кемел, мазмұны терең Алғыс күнінің ерекшелігі де сол тарихи тағдыры ортақ, болашағы біртұтас халқымыздың бір-біріне сүйіспеншілігін, ықыласын, шынайы разылығын білдіріп, құрмет тұтуы болып табылады.

Депортация жылдары Алматы облысы миллионға жуық қоныс аударушыларды         қабылдады. Оның ішінде Кербұлақ ауданына 27 ұлыс пен этностардың өкілдері қоныстанды.

Қазақ халқы елімізде тұрып жатқан жүзден астам ұлт өкілдерін құшақ жая қарсы алды.

Олардың қазақ жеріне қоныстанып, өмір сүруіне жағдай жасады.

Өзінің тарихи отанын, баспанасын, жақындарын жоғалтқанымен қонақжайлылықтың, жергілікті халықтың жылы және қамқор қарым-қатынасының арқасында болашаққа үміт артты.

Қазақстан – түрлі ұлыс пен этнос өкілдерінің басын қосқан ұлы мекен. Қазақ халқы тарихтың түрлі кезеңдерінде, қуғын-сүргін жылдары басқа ұлт өкілдерін ерекше ықыласпен бауырына басты. Олардың салт-дәстүрі, тілі мен мәдениеті жоғалмас үшін қолайлы жағдай жасады. Соның нәтижесінде ұлан-байтақ қазақ жерінде барлық этнос өкілдері бір атаның балаларындай ынтымақтастықта өмір сүріп келеді.

Бүгінде еліміз жасампаздықтың, өркендеудің және ертеңгі күнге деген сенімділіктің үлгісі бола алды.

Осы залда отырған көптеген аға буын ағалар мен аналар саяси  депортацияның куәгерлерінің  ұрпақтары отыр.

Жер аударуға түскендердің көптері шешендер, дағыстандықтар, қырым татарлары, түріктер, балғарлар, кәрістер, немістер болды.

Олардың дініне, діліне, тіліне, ұлттық ұстанымына қарамай, барын бөліп, басындағы баспанасынан жырып орын берген Ұлы халық екенімізді мақтан тұтамыз!

Күреңбел өңірінің халқы да бірлігі бекем, болашағы нұрлы, келешегі кемел, тарихы терең, жайсаңдардың өлкесі.

Бүгінгі күні мерекені қарсы алып отырған 27 ұлт өкілдері ауданымыздың мақтанышы, бірлігіміздің мызғымас кепілі.

Алғыс айту күні – барлық азаматтардың бір-біріне құрмет көрсететін  күні.

Президент Алғыс айту күні туралы: «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір-біріне және мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек.  Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», - деген болатын.

Адамдардың бір-біріне деген 30 ақысы бар. Олар көмектесу, бір-біріне жақсылық көрсету, қателігіне түсінісушілікпен қарау, қиналғанда жұбату, қателік жасағанына жол бермеу, кешірім сұраса кешіру, ақыл-кеңес беріп отыру, қал-жағдайын білісу, осы сияқты көптеген міндеттеріміз бар.

Бұл – бауырластық пен адамгершіліктің, туыстық пен сыйластықтың өлшемі.

Елбасымыз: «Біз, қазақстандықтар, біртұтас халықпыз және біздің бәріміздің ортақ тағдырымыз бар – бұл біздің Мәңгілік ел, біздің даңқты Қазақстан!», - деп мақтанышпен айтқан болатын.

Уважаемые жители и гости района!

Разрешите поздравить Вас с днем партии «Nur Otan», Ассамблеи народа Казахстана, с днем благодарности!

День благодарности станет великим днем Казахстанского патриотизма, дружбы, днем культурного разнобразия, ведь каждый из более 100 этносов имеет свою уникальную особенность, и все они в сумме дают уникальное преимущество нашей Единой Нации.

День благодарности – это день Ассамблеи народа Казахстана, которая стала основной казахстанской идентичности и общенациональной патриотической идеи «Мәңгілік ел», которая на века объединила народ Казахстана.

День благодарности – это укрепление единства страны через развитие Казахстанского общества на принципе единого гражданства.

Этот день стал одним из самых главных праздников нашей страны, близких каждому человеческому сердцу.

Сегодня хочется с особой благодарностью назвать имена Заболотного Владимира, Джаевой Хасирата, Евдаковой  Ольги,  Ашаханова Халима и многих других наших земляков, которые высоко ценят мораль дружбы, единства и братства.

Поздравляю всех с этим замечательным днем.

Пусть гостеприимство, радущие, отзывчивость, благодарства всегда сопутствует Вам и Вашей жизни.

 

Құрметті жерлестер!

Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады.

 Бұл – қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған  азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес.

Қайырымдылық, имандылық, мейірімділік, бауырмалдық,- деген ұстамдар біздер үшін әрқашан жоғары болған, болады да.

Еліміздің көркеюіне, татулығы мен бірлігіне өзіндік үлестерін қосып жүрген,  Ашаханов Халим, Юсупова Зоя, Джаева Хасират, Евдакова  Ольга  және тағы да басқа азаматтарды атап өтуді жөн көрдім.

Алғыс арқалағанның құты молайып, ырысы еселенеді, - дейді. Осы азаматтар халық алғысына бөленген, абыройы артып, беделі үстем болған азаматтар.   

Алғыс айту күні – Мәңгілік Ел,  болашағы біртұтас ұлт болуға ұмтылған баршамыздың бірлігімізге, берекелі тірлігімізге ризашылығымызды білдіретін жарқын мереке.

Құрметті ауылдастар!

Біздің ауданымыз мәдениет пен өнердің, білім мен ғылымның  ошағы десем артық айтқаным емес.

Оған дәлел, аға буын, зиялы қауым Рахметбай Төлеубаев, Гүлжамал Қазақбаева, Тоқсын Құлыбеков, Бейсен Құранбек, Жексенбаев Жанғазы, Шакаров Бауыржан  секілді аға-әпкелеріміздің жолын жалғастырып келе жатқан азаматтарымыз баршылық.

Бүгінгі қуаныштың шуағы шашылған күнде ауданымыздың қара шаңырағы Әбікен Сарыбаев атындағы мәдениет үйінің жанынан «Театр» ашылуда.

Жиын соңында театр қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ақиық ақын, Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай, «Қош, махаббат!» қойылымын тамашалаймыз.

Сонымен бірге жақын арада Шоқан ауылының мәдениет үйіне Базарбаев Игібай атамыздың есімі берілетін болады.  

Биылғы жылы ауданымызда 51 жобаға жеткілікті қаржы бөлінді.

Облыс әкімі Баталов Амандық Ғаббасұлының қолдауымен Сарыөзек ауылында емхана, 50 пәтерлі үй, өнер мектебі, саяжай салынатын болады.

Сонымен қатар, Сарыөзек ауылында ауыз су мәселемін шешу үшін қаржы қарастырылды.

Біздің ауданымыздың болашағына нық сеніміміз бар, әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосатын азаматтарымыз бар,  қолдайтын жастарымыз жеткілікті.

Құрметті ағайын, бауырлар!

Әр шаңыраққа бақ-береке қонсын, елімізге амандық, жұртымызға тыныштық орнасын. Халықтан алатын алғыстарымыз көп болсын! Толағай табыстарға жете берейік!

Бірлігі мол еліміздің мәртебесі арта берсін.

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Дата публикации
01 марта 2021
Дата обновления
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

07 июля 2026
Инфографикалар
02 июля 2026
Құрылтай - 2026
13 марта 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы