ҚҰРМЕТТІ ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫНЫҢ
АРДАГЕРЛЕРІ !
Халқымыздың өткені мен болашағын саралап, тарих беттерін парақтап, ерлік істерді дәріптеу – үлкен өнеге.
Ерлікке тағзым жасау– тағылымды істердің жарқын көрінісі.
Тәуелсіздік алғанға дейін біздің халқымыздың тартқан тауқыметі аз емес, соның бірі – талай жандардың жүрегіне жара салған Чернобыль апаты.
Осыдан 35 жыл бұрын 1986 жылы 26 сәуірде Украинаның Чернобыль қаласындағы атом-электр стансасының төртінші блогі жарылды. Атом электр станциясындағы апатының келтірген залалы мен зардабы – ХХ ғасырдағы ең ірі техногендік радиациялық апат болды.
"Ресей ақпарат құралдарында жазылғандай, апатты залалсыздандыруға 1986-1992 жылдарда қатысқан адамдардың саны 600 мыңнан асқан екен. Олардың ішінде ресми тізімде 31 743 қазақстандық тіркелген. Олар өз денсаулығы мен өмірін қиып, жер әлеміне зардабын тигізбеу үшін көмек көрсетті.
Апатты залалсыздандыру жұмысына қатысқан 276 әскери бөлімнің бірі – Орта Азиядан жалғыз барған Қазақстандық 27 химиялық қорғау полкі еді.
Тағы бір ескерерлік жағдай, олардың құрамында запастағы әскерилердің, азаматтық саладағы мамандар мен бірге әйелдер мен студенттердің де болғаны туралы дерек бар.КСРО Қорғаныс министрі Д.Язов қол қойған №045 құпия бұйрықта "...залалсыздандыру жұмыстарына жасы 30-ға жеткен, әрі үйленген, екі немесе одан да көп баласы бар азаматтар ғана тартылсын. Бұл жұмысқа тартылу мерзімі үш айдан аспасын" деп жазылған. Алайда, апатты залалсыздандыруға жастары жиырмаға толмаған әскерге шақырылғандар да тартылған. Тіптен, екі жыл қатарынан сонда әскери қызметін өтегендер де болыпты.Аталған 32 мыңға жуық қазақстандықтан қазіргі таңда Алматыда үш жүзге жуық, ал жалпы есептегенде небәрі 4,5 мың адам тірі екен. Жер басып жүргендердің де басым бөлігі – түрлі дәрежедегі мүгедектер.Тіптен, Қазақстанның әр облысында Чернобыль апаты құрбандарына ескерткіш қойылды.
Өзіміздің ауданымыздан 70 ке жуық азаматтар барып, бірталайы алған зардаптардан көз жұмған. Оның ішінде 34 адам елге аман оралған.
Бүгінгі таңда арамызда 20 азаматымыз бар. 13 азаматымыз өмірден озған болса. Исламханов Маусыр Кигирзаевич мырза Шешенстан Республикасына көшіп кеткен.
Биыл Тәуелсіздігіміздің 30 –жылымен қатар Чернобыль апатына да 35 – жыл толып отыр. Біз үшін алдағы уақытта да жаңашыл технологиялар негізінде осынау қатерді барынша азайту ісі– баршаға ортақ мүдде болып қала береді.
Чернобыль апаты қазақстандықтардың жүрегінде әлі күнге дейін сақталуда.
Бұл апат салдарының ауыр екендігін, оның әлі көптеген ұрпаққа әсер ететіндігін ұға отырып, апат салдарынан қаза болғандарға және денсаулықтарын жоғалтқандарға құрмет көрсету – біздің парызымыз.
Барша адамзат баласы, апат салдарын барынша азайту үшін бар күш-жігерін жұмсауы қажет.
Ардақты Чернобыль апатының ардагерлері !
ХХ ғасырдағы ең ірі техногендік Чернобыль радиациялық апатының салдары дүниежүзілік ядорлық қарусыздандыру процесін жандандырды.
Бұл процестің бастамашысы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болды.
Қазір біз бейбіт және тыныш уақытта өмір сүрудеміз.
Біз Сіздердің ерліктеріңізге қашанда ерекше тағзым етеміз!
Өлшеусіз ерлік танытқан абзал азаматтардың рухы асқақ болсын!
Тұғырлы елдің еңсесі биік, аспанымыз ашық, еліміз аман, бейбіт заман БОЛСЫН!