Меню

Страницы

Статья

Аудан әкімінің Ауған соғысының ардагерлерін құттықтау сөзі

Құрметті Ауған соғысының ардагерлері !

Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады.

Бұл – қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін құндылығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Біз де осындай жолдан өтіп келеміз. Осы орайда жыл сайын біз ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып,  сол сұрапыл соғыстан ардагерлеріміздің алдында бас иеміз.

Елбасымыз «Нағыз патриотизм дақпырт сөздерден емес, нақты істерден және жауапты қадамдардан көрінеді»,- деген.

Қазақстанның өсіп-өркендеуіне еліміздің бейбіт өмір кешуіне өз үлестерін қосқан ардақты ардагерлеріміздің арқасында.

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына  бүгін   
32 жыл толып отыр.

Бұл соғыста майдан мен тыл деген  ұғымдар болған жоқ, негізгі әскери бұйрық – броньды техниканы, жанармай, оқ-дәрі және  азық-түлік колонналарын қорғау, жауынгерлік жорықтарға шығу болды.    

Ауған соғысына  Қазақстаннан 22 мың азамат қатысып, оның 924-і ерлікпен қаза тауып, 18 адам хабар-ошарсыз жоғалып кетті.

Соғыс барысында 1015 жауынгер өз жерлеріне мүгедек болып оралды.

Шектеулі контингент құрамында 200 мыңнан астам адам өз жауынгерлік борыштарын өтесе, 86 жауынгер Кеңес Одағының батыры атағын, 103 адам - Ленин Орденін, 1972 азамат Қызыл Жұлдыз Орденін иемденді.

Алматы облысынан Ауған жерінде өздерінің азаматтық борышын үш мыңға жуық 17 ұлттың  өкілдері өтесе, олардың ішінен  200 боздақ ерлікпен қаза тапты.

Кербұлақ және Гвардия аудандарынан бұл соғысқа 121 азамат аттанып, Ауғанстанның Мазари-Шариф, Баграм, Герат, Қабыл, Кандагар, Жалалабад, Газни, Шинданд секілді ірі қалаларында дұшпандармен соғысты.                                                                          

Күреңбелдіктердің  тоғызы 1981-1984 жылдары сол шайқастарда ерлікпен қаза болып, Кеңес Одағының шешімімен «Қызыл  Жұлдыз » орденімен наградталды.  

Олар Басшилық Бауыржан Ысқақов, Қарашоқылық Марат Борамбаев, Жоламандық Өмірбек Түркістанов, Шанханайлық Берік Өскембеков, Қаспандық Нұрғали Сатымбаев, Қоғалылық Анатолий Паценко,Сарыөзектік жігіттер Сергей Тория, Амангельды Дюсембаев, Бейбит Оразбеков.

Біздің жерлестеріміз нағыз ерлік танытып, туған жері мен елінің абыройын жоғары ұстап, олардың есімдері барлығымыздың жадымызда мәңгі сақталады!

Өскелең ұрпаққа өнеге-үлгі болып жүрген майдангерлер шебіндегі екі мәрте Қызыл Жұлдыз және II дәрежелі «Айбын» орденінің иегері Асхат Қасенов, «За боевые заслуги» медалінің иегері Шерғали Нұрғалиев, «Кербұлақ ауданының Құрметті азаматтары» Лязат Саржанова мен Әбубәкир Имадаев, Амантай Ербосынов, «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегерлері, ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері Ермек Тоқбосынов, Жасталап Ескендіров, Юрий Мостов, «Қазақстан Даңқы» орденінің иегері, Жұматай Бүркітбаев, Марат Құдайбергенов, Нұрманов Әнуар, Иманғожа Смағұлов, Мұрат Мұқанжанов, Халық Байболатов, бір сөзбен айтқанда, барлық күреңбелдік интернационалист-жауынгерлерді біз мақтан тұтамыз.

Уақыт өткен сайын Ауған соғысының жаңғырығы басылса да, Ерлер есімі қай кезде болмасын өз елінің жадында мәңгілік қалады.

 

Құрметті Ауған соғысының ардагерлері!

Кербұлақ ауданы тұрғындарының   атынан Сіздерді Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 32 жыл толу айтулы күнімен шын жүрегімнен құттықтаймын!         

Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен азаматтық көзқарастарыңыз жастарға патриоттық тәрбие беруде.

Тәуелсіз еліміздің бейбіт өмірі мәңгілік болып, көк байрағымыз  ашық аспан астында желбірей берсін !

 

 

 

 

 

Дата публикации
15 февраля 2021
Дата обновления
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

07 июля 2026
Инфографикалар
02 июля 2026
Құрылтай - 2026
13 марта 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы