Меню

Страницы

Статья

Аудан әкімінің 23 маусым мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтауы

Құрметті мемлекеттік қызметтің ардагерлері!

Қадірменді әріптестер!

        Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесі құтты болсын!

 2013 жылдың 23 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы  «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» №3827 Жарлығына өзгерістер енгізіліп, 23 маусым күні мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесі ретінде белгіленді.   

Ауданның жергілікті атқарушы органдарындағы 155 мемлекеттік қызметшінің  22-і аудан әкімі аппаратында, 43-і аудандық бөлімдерде, 90-ы ауылдық округтер әкімдері аппараттарында қызмет атқарады. Сондай-ақ, орталық атқарушы органдардың аудандық құрылымдық бөлімшелерінде - мемлекеттік кірістер , қазынашылық , статистика,тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасында, аумақтық инспекцияда, төтенше жағдай бөлімінде мемлекеттік қызметшілер жұмыс істейді.

Мемлекеттік қызмет – барлық мемлекеттік басқаруды ұйымдастырудағы жетекші рөлді атқаратын мемлекет жүйесінің ең маңызды тетіктерінің бірі. Кез келген қоғам мемлекеттік басқарусыз, яғни мемлекеттік қызметшілерсіз әрекет етуі мүмкін емес. Билікке деген сенім қазіргі қоғамның талаптарына сай мемлекеттік қызметшіден басталады.

Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметкер екені белгілі. Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет. Өйткені, мемлекеттік қызметші – биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді. Ауданымыздың қарқынды дамуы Сіздердің мамандану шеберліктеріңізге, тәжірибелеріңізге, ұмтылыстар мен жiгерлеріңізге тікелей байланысты. Аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыру және олардың болашағын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жауапкершілігі мемлекеттік қызметшілерге артылады.

Бүгінгі мереке күні ауданның мемлекеттік қызмет саласында көп жылдар бойы жемісті еңбек етіп, қазіргі уақытта зейнеткерлік демалысқа шыққан ардагерлеріміз-  Төленді Оспанбайұлы Сарыбаев, Нұрбай Қожатайұлы Жантілеуов,Есенбай Әбдрахманұлы Сұраншынов,Болысбай Тоғысбайұлы Момбаев ,Бөкен Қабиұлы Рысбеков,Амангелді Тұрысбекұлы Иманбаевты, және басқаларын төл мерекелерімен құттықтаймыз.  

     Құрметті мемлекеттік қызметшілер!

Қадірлі жерлестер!

Халқымызда «Билігі мықты елдің – тірлігі құтты болады» деген дана сөз бар. Сондықтан қашан да жүгі ауыр билік міндетінің ауқымды және мақсатының биік болары барлық мемлекеттік қызметшілердің әрқашан жадында болуы тиіс. Мемлекеттік қызметшінің басты міндеті туған Отаны мен халқына адал қызмет етумен бағаланады.

 «Басты міндет – елге қызмет!» деген мазмұны терең, міндеті жауапты сөзді еске сала отырып, әріптестеріміздің мемлекеттік қызметші деген абыройлы атаққа үнемі лайықты болуларына тілектеспін.

Киелі Күреңбел елі атанған шежірелі ауданымыздың ең басты рухани байлығы мен күш - қуаты да біздің қалыптасқан берік дәстүріміз бен мызғымас ынтымағымызда.  Ауданымыздың әрбір табысы – барлығымыздың да ортақ ісіміз, ортақ қуанышымыз.

Әрдайым елдігімізді, бірлігімізді көрсете алу, ауданымыздың абыройын асқақтату -  мемлекеттік қызметші ретіндегі басты борышымыз, қасиетті міндетіміз.

Мемлекеттік қызметшінің қиындығы да қуанышы да мол абыройлы қызметін атқаруда баршаңызға табыс тілеймін. Кәсіби төл мерекелеріңіз құтты болсын!

 Ауыз бірлігіміз бен ынтымағымыз жарасып, ортақ істеріміз табыс әкелсін.      

Отбасыларыңызда амандық- саулық, жанұяларыңызда құт –береке орнасын.

Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз!

 

 

 

Дата публикации
23 июня 2021
Дата обновления
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

07 июля 2026
Инфографикалар
02 июля 2026
Құрылтай - 2026
13 марта 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы