Меню

Страницы

Статья

Аудан әкімі орынбасарының ақ халатты абзал жандарды, кәсіби Медициналық қызметкерлер күнімен құттықтауы

Өзінің өмірі мен қызметін адам денсаулығына арнаған ақ халатты абзал жандарды, кәсіби Медициналық қызметкерлер күнімен, аудан тұрғындарыжәне өз атымнан құттықтауға рұқсат етіңіздер!

Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Бүгінгі медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі - төгілген маңдай тердің, жұмсалған күш-қайраттың,  төзім мен шыдамның өтеуі болар мереке.

Бұл мереке күні адам тәнінің қиналысы мен қасіретін жүрегімен сезіне білетін, денсаулық сақтау саласының барлық қызметкерлерінің, медбикелер мен дәрігерлердің ерен еңбегі бағаланатын күн.

Сіздердің толассыз еңбектеріңіздің өлшемінде өмір қуанышымен қайта қауышқан талай адамдардың тағдыры тұр.                                

Біздің әрқайсымызөзіміздің және жақын туғандарымыздың өмірі мен денсаулығынан артық құндылық жоқ екенін жақсы ұғынамыз. Дәл осы бағажетпес құндылықты сақтап қалуға негізделетін аса жоғары жауапкершілік медицина қызметкерлеріне  жүктеледі.

2019 жылдың 13 наурызында басталған әлемді жайлаған «COVID-2019» пандемиясының аудан халқына да тигізген  зияны едәуір .

Осындай қиын қыстау шақта медицина қызметкерлерінің күндіз- түні үздіксіз  атқарған  еңбектері  ұшаң – теңіз.

Адам  денсаулығы мен өмірінің арашасы болған  сіздердің мамандықтарыңыздың маңыздылығына бәріміз куәміз.

Халыққа адал еңбек ететін, ақ халатты абзал жандардың медицина күні мерекесі қай уақытта болсын үлкен дайындықпен, мерекелік көңіл-күймен аталып өтіледі.

Шығыс ойшылы Конфуций «Адамзатқа шапағат жасау - мейірімділік пен батырлықтың шыңы» деген екен.

Ендеше дәл осы философиялық тұжырым Сіздер сияқты өз істеріне адалдық, ержүректік, қажырлылық танытқан абзал жандарға қаратылып айтылса керек.

Бүгінгі күні  медицина саласын басқарып, жақсы істің ұйытқысы болып, ұзақ жылдар бойы еңбек  етіп жүрген Людмила Павловна,Сәуле Құдайбергенқызы, Татьяна Николаевна, Мұратжан Хметжанұлы,Ауған соғысының ардагеріЛязат Саржанованы және Кербұлақ аудандық санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау асқармасының мамандарыНұрсұлтан Әмірбеков,  Бану Сайбековаларды ерекше атап өтуге болады Қазақстан  Республикасында Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу қажеттілігі алғаш рет «Институттық реформаларды жүзеге асыру  бойынша 100 нақты қадам»» жоспары мен«Ұлт  Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында «Тұрғындардың денсаулығын сақтау саласындағы басты міндет – міндетті медициналық сақтандыруды енгізу»,деп атап көрсетті.

Ұлт денсаулығын сақтау – мемлекет назарындағы басты мәселелердің бірі.                    

Сондықтан да, медицина саласындағы реформалар халықтың денсаулығын жақсартуға негізделген. 
Болашақта әлеуметтік медициналық сақтандыру шаралары сәтті жүзеге асса, халықтың өз денсаулығына деген жауапкершілігі артып, аурулардың алдын алу мен күрделі ауруларды емдеу ісі одан әрі ілгерілей түспек. 

Осы бағыттағы сіздердің  салауатты өмір салтын қалыптастыру, халқымыздың дені сау ұлт болып өсіп-жетілуі жолындағы қажырлы еңбектеріңізді  бағалап, Сіздерге  зор алғысымды білдіремін.

Құрметті  медицина саласының қызметкерлері!

Ерен еңбектеріңізге, шипалы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз.    

Еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін.

Біз медициналық сала қызметкерлерінің қажырлы жұмысы мен талантының арқасында ел халқының игілігі үшін денсаулық сақтау саласын дамытуға  жаңа шыңдарға жете алатынымызға сенімдіміз.

Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып!  Сіздерге ертеңгі күнге деген сенімділік, мақсат –мүдделеріңіздің жүзеге асуына тілектеспін! Отбасыларыңызға бейбітшілік пен амандық, мықты денсаулық тілеймін!

Дата публикации
18 июня 2021
Дата обновления
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

07 июля 2026
Инфографикалар
02 июля 2026
Құрылтай - 2026
13 марта 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы