Кербұлақ ауданы әкімдігінде «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 6-тармағына сәйкес 2025 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы қызмет туралы есеп бойынша жария талқылау өткізілді.
Жиынға көрсетілетін қызметті берушілер, мүдделі жеке және заңды тұлғалардың өкілдері қатысты. Іс-шара барысында 2025 жылдың қорытынды есебі тыңдалып, мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы өзгерістер мен жаңашылдықтар жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, қолжетімділігін кеңейту, цифрландыру деңгейін көтеру және қызмет алушылардың құқықтарын қорғау бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталып өтілді. Қатысушылар тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылып, тиісті түсіндірмелер берілді.