2022 жылдың қаңтар-қараша айларының қорытындысы бойынша ауданда 3650 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді, оның ішінде: 2047 шаруа қожалығы, 1453 жеке кәсіпкер және 150 заңды тұлға, осы кәсіпорындарда 5196 адам жұмысқа орналастырылды
Ұлттық статистика бюросының Жетісу облысы бойынша департаментінің деректемесіне сәйкес 2022 жылдың 9 айында жоғарыда аталған кәсіпорындарымен 28 млрд 100 млн теңгеге жұмыстар мен қызметтер көрсетілді. Қаңтар – ақпан айында бюджетке түсетін салық түсімдерінің көлемі 163 млн 419 мың теңгені құрады.
Өнеркәсіп саласы бойынша, аудан өнеркәсібі 2023 жылғы қаңтар-ақпанда 2 млрд 540 млн теңгені құрады, нақты көлем индексі 134,1%.
Негізгі капиталға жалпы сомасы 1 млрд 567 млн теңге инвестиция тартылып, нақты көлем индексі 127 %. - құрады.
Аудан бойынша тауар айналымы 862,1 млн теңгеге шығып, нақты көлем индексі 100,3%.- құрады.
Ауданда бір ірі кәсіпорын - қуатылығы жылына 1,2 млн тонна цемент өндіретін "Алацем" ЖШС цемент зауыты жұмыс істейді.
«Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін аудандық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып әр-түрлі бағыттағы жобалар облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасымен «Даму» кәсіпкерлерді қолдау қорына үнемі ұсынылып отырады. 2022 жылы аталған бағдарламаның пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау және несиелерді кепілдендіру бағыты бойынша 10 кәсіпкерге 117,2 млн теңге несие беріліп қолдау көрсетілді. 4 кәсіпкерге 20 млн теңге қайтарымсыз грант берілді. Жалпы 14 кәсіпкерге 137,2 млн теңге көлемінде қолдау көрсетілді.