2022 жылдың қаңтар-қараша айларының қорытындысы бойынша ауданда 3650 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді, оның ішінде: 2047 шаруа қожалығы, 1453 жеке кәсіпкер және 150 заңды тұлға, осы кәсіпорындарда 5196 адам жұмысқа орналастырылды
Ұлттық статистика бюросының Жетісу облысы бойынша департаментінің деректемесіне сәйкес 2022 жылдың 9 айында жоғарыда аталған кәсіпорындарымен 28 млрд 100 млн теңгеге жұмыстар мен қызметтер көрсетілді.
Өнеркәсіп саласы бойынша, 2022 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 32 млрд 24,9 млн. теңгеге өнім өндірілді, нақты көлем индексі 116,4% орындалды.
Негізгі капиталға жалпы сомасы 18 млрд 937,6 млн теңгеге инвестициялар тартылды.
Аудан бойынша тауар айналымы 9 млрд 975 млн теңгеге шығып, нақты көлем индексі 100,0% - құрады.
Ауданда бір ірі кәсіпорын - қуатылығы жылына 1,2 млн тонна цемент өндіретін "Алацем" ЖШС цемент зауыты жұмыс істейді.
«Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін аудандық кәсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып әр-түрлі бағыттағы жобалар облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасымен «Даму» кәсіпкерлерді қолдау қорына үнемі ұсынылып отырады. Аталған бағдарламаның пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау және несиелерді кепілдендіру бағыты бойынша 10 кәсіпкерге 117,2 млн теңге несие беріліп қолдау көрсетілді. 4 кәсіпкерге 20 млн теңге қайтарымсыз грант берілді. Жалпы 14 кәсіпкерге 137,2 млн теңге көлемінде қолдау көрсетілді.