2023 жылы 15 қаңтарында Шанханай сайлау округі бойынша Кербұлақ ауданының Шанханай ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Шанханай ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау нәтижелерін анықтады:
Шанханай ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1894 азамат енгізілді, оның 1431-і, немесе 75,6% дауыс берді, жарамсыз бюллетендердің саны - 7, «бәріне қарсы» деген жолда - 5.
Әр үміткерге берілген дауыстар саны:
Біләлова Ә.Б. - 31; Қабдыкерім А А. - 46; Сатқалиев О.І. – 1346.
Шанханай ауылдық округінің сайланған әкімі Сатқалиев Олжас Ілиясұлы, 1980 ж.т., уақытша жұмыссыз, Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылдық округі, Сарыөзек ауылында тұрады, өзін-өзі ұсынған, «Amanat» партиясының мүшесі.
Кербұлақ аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-11 - бабының 1 тармағына сәйкес 2023 жылғы 15 қаңтарда сайланған Кербұлақ ауданының Шанханай ауылдық округінің әкімін 2023 жылғы 16 қаңтардағы шешімімен тіркеді.
Кербұлақ аудандық сайлау комиссиясы