Меню

Страницы

Статья

Кербұлақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2022 жылдың толық ақпараты

2022 жылы  Кербұлақ ауданы бойынша барлығы 1471 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген:

I топтағы мүгедектер – 121;

II топтағы мүгедектер – 620;

III топтағы мүгедектер – 547;

18 жасқа дейінгі мүгедек балалар – 183 адам. 

Мүгедектерді оңалту бағдарламасы бойынша:

Жыл басынан мемлекеттік қызметтер бойынша барлығы 680 өтініш қабылданды. Атап айтқанда:

     1)  Мүгедектерді арнаулы жүріп-тұру құралдарымен 21 адам қамтамасыз етілді;

     2)  Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмекпен 167 адам қамтамасыз етілді;

     3)  Мүгедектерді және мүгедек балаларды санаторий-курорттық емдеумен 131 адам қамтамасыз етілді;

     4)  Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық құралдармен 28 адам қамтамасыз етілді;

     5)  Есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметі                      31 адамға  берілді;

     6)  Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерді жеке көмекшінің қызметімен 43 адам қамтамасыз етілді;

     7)  Міндетті гигиеналық құралдармен 238 адам  қамтамасыз етілді;

     8) Тифлотехникалық құралдармен 21 адам қамтамасыз етілді;

Әлеуметтік сала бойынша:

3 мың 306 аз қамтылған азаматқа 232 млн 471 мың 942 теңгеге әлеуметтік көмектер көрсетілді.

Оның ішінде:

- 2021-2022 оқу жылына  30 мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға   1млн 179 мың 999 теңге төленді.;

- 218 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ауғанстандағы жауынгерлерге, Чернобыль атом электр станциясындағы апаттардың зардаптарын жоюға қатысқан тұлғаларға мерекелер мен есте қаларлық даталарға 13,8 млн.теңге біржолғы жәрдемақы төленді.;

-  бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметі бөлімінде қоғамнан оқшауланбай жазасын өтеп жатқан   3 азаматқа 15 айлық есептік көрсеткішпен 602 мың 305 теңге  төленді;

- Әлеуметтік маңызы бар індетке шалдыққан аудандағы екі балаға                         2 (екі) күнкөріс деңгейінде әлеуметтік көмек тағайындалып, 1 млн. 629 мың 052 теңге төленді.

- Атаулы әлеуметтік көмекке (АӘК) бюджеттен 142,5 млн.теңге бөлінді, бүгінгі күні  277 отбасына (1545 адамға) 142  млн 527 .теңгеге АӘК төленді.

- Ауылдық жерде тұратын және жұмыс істейтін білім беру саласына, денсаулық сақтау саласына, әлеуметтік қамсыздандыру, спорт және мәдениет мамандарына отын сатып алуға коммуналдық жәрдемақы  2461 адамға                    39 млн 144 мың теңге төленді .

Ауыл округтердің берген мәліметтері бойынша бүгінгі күні  1822 отбасына 4166 адамға 31 млн 341 мың 960 теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді.

Аудан бойынша әлеуметтік нысандарды түгендеу және бейімдеу жұмыстары үшін 5 нысанға бюджеттік сұраныс жасалған.

 "Ә.Сарыбаев атындағы Кербұлақ аудандық мәдениет үйі" Мемлекеттік Коммуналдық қазыналық кәсіпорыны  филиалы  №4 Шанханай ауылдық мәдениет үйі «Еркін» Жеке кәсіпкерлігімен 97 мың теңгеге келісім шартқа отырып, 2022 жылдың 15 тамызында жұмысын өткізді.

"Ә.Сарыбаев атындағы Кербұлақ аудандық мәдениет үйі" Мемлекеттік Коммуналдық қазыналық кәсіпорыны  филиалы №8 Доланалы  ауылдық мәдениет үйі «Еркін» Жеке кәсіпкермен 585 мың 700 теңгеге және «Zurge» Жеке кәсіпкермен 49 мың 900 теңгеге келісім шартқа отырып, 2022 жылдың      15 тамызында жұмысын өткізді.

«Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Кербұлақ аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі "ALSET LTD" ЖШС-мен 2 млн. 277 мың теңгеге келісім шартқа отырып, 2022 жылдың                                 15 тамызында жұмысын өткізді.

"Ә.Сарыбаев атындағы Кербұлақ аудандық мәдениет үйі" Мемлекеттік Коммуналдық қазыналық кәсіпорыны  филиалы №1 Қоғалы  ауылдық мәдениет үйі және "Ә.Сарыбаев атындағы Кербұлақ аудандық мәдениет үйі" Мемлекеттік Коммуналдық қазыналық кәсіпорыны  филиалы  №10 Басши  ауылдық мәдениет үйінде бейімдеу жұмыстары әлі жүргізіліп жатыр.

 Шетел жұмыс күшіне Жетісу облысы Кербұлақ ауданында орналасқан «Alacem» ЖШС- нің алдағы жылға шетелдік жұмыс күшін тартуға қажеттіліктері негізінде өтінім 135 маманға берілді.

Олар:

 1 санатқа -7 маман, 2 санатқа – 23 маман, 3 санатқа – 105 маман.

Дата публикации
16 января 2023
Дата обновления
16 января 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

07 июля 2026
Инфографикалар
02 июля 2026
Құрылтай - 2026
13 марта 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы