Меню

Страницы

Статья

Кербұлақ ауданы Шұбар ауылдық округінің 2022 жылғы атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша ақпараты

Шұбар ауылдық округінде халық саны   1736  адам, 3 елді мекен бар. Олар: Шұбар ауылы, Аралтөбе ауылы, Онжас ауылы.

Округте 446 аула бар.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша

Оның ішінде:

 - Шұбар ауылының көшелерін түнгі жарықтандыру жұмыстарына техникалық қызмет көрсетуге 518,0 мың теңге қаражат бөлініп, жұмыстарын ЖК « Нұрсат» жүргізді.

 - Шұбар ауылдық округінің  Онжас ауылына салынатын шағын футбол алаңын, балаларға арналған ойын алаңын, спорт алаңын 17 531,0 мың теңгеге  ұтып алған мердігер «M&N-Строй» ЖШС-гі міндеттемелерін тиісінше орындамағандығы үшін келісім шарт бұзылды, сотқа талап арыз жіберілді. 

 Шұбар ауылына  «Махабат жотасы» саябағын   мердігер ЖК «Кенженова»  14 547,7 мың теңгеге ұтып алып, жұмыстарын аяқтады.

 Ауыл шаруашылығы бойынша: Округте 2022 жылға 140 шаруа қожалығы тіркелген, шаруа қожалықтары 7806 га егістік  жерге дәнді-дақыл сеуіп, өнімдерін уақтылы жинап алды.

Мал шаруашылығы бойынша: Мүйізді ірі қара мал саны -3020 бас,  өткен жылмен салыстырғанда 50 басқа көбейді, ұсақ мал саны -5270 бас,  жылқы – 1472 бас, өткен жылмен салыстырғанда 15 басқа көбейді,   5261бас құс , 348 бал ара ұясы тіркелген. Округтегі барлық мал саны электронды түрде  базаға енгізілген.

 Білім саласы бойынша: Білім беру мекемелері барлығы интернет желісіне қосылған. Ақжар, Аралтөбе мектептерінде мектепке дейінгі шағын орталық жұмыс істейді.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2018-2022 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша  1 жұмыссыз ауыл тұрғындары қысқа мерзімдік кәсіптік білім алып, жұмысқа орналасты, 2 жағдайы төмен отбасы   атаулы әлеуметтік көмек алды, 1 жастар іс тәжирбиесі, 1 алғашқы жұмыс орнына, күміс жас жобасына 2 , қоғамдық жұмысқа 13 ауыл тұрғыны тартылды.

Коммуналдық шаруашылық бойынша : Шұбар,Онжас ауылының су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тұрақты жұмыс ітеп тұр.

Жолдар бойынша: Шұбар, Онжас, Аралтөбе ауылдарының ішкі жолдарына ағымдағы   жөндеу жұмыстарына жүргізілген.

Округтегі 3 елді мекендерде: барлығы 73 аула интернет желісіне қосылған. Шұбар орта мектебі, әкімдік, ауылдық дәрігерлік амбулатория жалпақ талшықты интернетке қосылған. Округте 1 пошта бөлімшесі, 1 кітапхана жұмыс істейді.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініші бойынша  2022 жылы барлығы 14 өтініш тіркелді. Өтініштердің басым бөлігі үй құжаттарын жасауға және жер мәселесі туралы.

 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша. Егов порталы  арқылы ауыл  тұрғындарына қызмет көрсету кабинеті жұмыс істейді. Көрсетілген қызмет саны – 331, оның ішінде 200 –ЭЦҚ кілтін қашықтан алу қызметі, 131 – түрлі анықтамалар. Әкімнің 70 өкімі , 18 шешімі  шығарылды.

Салық төлемдері  бойынша : 2022 жылы жергілікті бюджетке жиналатын жоспардағы – 6 млн 256 мың теңге салық , 6млн 366 мың жиналды, 102 пайыз орындалды.

 2022 жылға елді мекендерді  абаттандыру мен көгалдандыруға , елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге 900,0 мың.теңге қаражат  бөлініп, игерілді.

Округте  14 сауда  нүктелері тіркелген, оның 10-ы халыққа қызмет көрсетуде. Ауыл тұрғындарынан  сүт қабылдайтын 3 пункт , 1 – газ толтыру орны бар.     

Аумақтық учаскелік полиция жұмысы туралы Шұбар аулдық округінде, 2022 жылы  2 қылмыс тіркелген, оның - 1 ашылған.

Елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету  Округ  аумағында көктемгі-күзгі  санитарлық тазалық  айлықтарына қажетті іс -шаралар жасалып, қоғамдық жұмыстар  өз деңгейінде атқарылды.

Дата публикации
16 января 2023
Дата обновления
16 января 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

07 июля 2026
Инфографикалар
02 июля 2026
Құрылтай - 2026
13 марта 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы