07 3 124 011 015 «Жергілікті бюджет қаражаты есебінен» кіші бағдарламасы 1700,0 мың теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде:
Қызылжар ауылы үшін саябақты абаттандыруға сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстарға сатып алу тәсілінің бір көзден тікелей шарт жасасу арқылы мердігер "Building-progress" ЖШС-мен 2022 жылдың 17 наурызында №220018 келісім шарт жасалды. Келісім шарт сомасы 249 999,99 теңге;
Желдіқара ауылы үшін шағын футбол алаңына, спорт алаңына және балалар ойын алаңына сметалық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі жұмыстарға сатып алу тәсілінің бір көзден тікелей шарт жасасу арқылы мердігер "Building-progress" ЖШС-мен 2022 жылдың 17 наурызында № 220019 келісім шарт жасалды. Келісім шарт сомасы 319 999,9 теңге;
Сатып алу тәсілінің баға ұсыныстарға сұраным қорытынды хаттамасына сәйкес жеңімпаз мердігер "Big Ben" ЖК-мен шаруашылық тауарына (эмаль,сыпыртқы,кылқалам) жалпы соммасы 93 100,0 теңге 2022 жылдың 28 сәуірінде №220024 келісім шарт жасалды;
Сатып алу тәсілінің баға ұсыныстарға сұраным қорытынды хаттамасына сәйкес жеңімпаз мердігер "Big Ben" ЖК-мен шаруашылық тауарына (әк) жалпы соммасы 60 000,0 теңге 2022 жылдың 11 мамырында №220030 келісім шарт жасалды;
Сатып алу тәсілінің баға ұсыныстарға сұраным қорытынды хаттамасына сәйкес жеңімпаз мердігер " Алимбаева С.Г " ЖК-мен Сібір шыршасының көшеттеріне (8 дана 34 970 теңгеден) 2022 жылдың 22 мамырдағы №220033 келісім шартжасалды. Келісім шарт сомасы 279 760,0 теңге;
Сатып алу тәсілінің баға ұсыныстарға сұраным қорытынды хаттамасына сәйкес жеңімпаз мердігер "SVN-TEHNO" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен Шилісу ауылы үшін шағын футбол алаңымен спорт алаңына сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстарына 2022 жылдың 21 қыркүйегінде №220049 келісім жасалды. Келісім шарт сомасы 130 580,0 теңге; Алдағы уақытта жоспар бойынша Қызылжар ауылының кіреберіс аркасын жарықдиодты жарықтандырумен жабдықтау және безендіру бойынша жұмыстарға жұмсалады, игерілетін қаражат 566 560,02 теңге.
07 3 124 011 029 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет қаражаты есебінен» кіші бағдарламасы 127 787,0 мың теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде:
Қызылжар ауылында футбол алаңын, балалар және спорт алаңын орнату бойынша жұмыстары бойынша бөлінген қаражат 39 605,0 мың теңге. Мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жарияланды. Ұсынылған хабарландыру негізінде женімпаз анықталып 2022 жылдың 25 мамыр айында №220031 "Дияс Б" ЖШС-мен 23 520,0 мың теңгеге келісім-шарт жасалды. Қаражат толығымен игерілді.
Қызылжар ауылындағы стадионның көгалдандыру құрылысы бойынша бөлінген қаражат 64 369,0 мың теңге. Мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жарияланды. Ұсынылған хабарландыру негізінде женімпаз анықталып 2022 жылдың 05 мамыр айында № 220022 мердігер «KSB-Дорстрой» ЖШС-мен 41 440,0 мың теңгеге келісім шарт жасалып, 2022 жылдың 09 маусымында №220022 қосымша келісім шарт жасалынды 14 751,0 мың теңгеге, жалпы сомасы 56 192,0 мың теңгені құрайды. Қаражат толығымен игерілді.
Шилису ауылында балалар ойын алаңың орнату бойынша бөлінген қаражат 9 421,0 мың теңге. Мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жарияланды. Ұсынылған хабарландыру негізінде женімпаз "Amirtas" ЖШC – мен 2022 жылдың 24 мамыр №220032 келісім шарт жасалды. Келісім шарт сомасы 7 254,0 мың теңге. 12 қыркүйекте шартты бұзу туралы хабарлама жіберілді, Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына талап арыз 23 қыркүйек күні жіберілді. Келісім шарт бұзылды.
Желдіқара ауылында футбол алаңын, балалар және спорт алаңын орнату бойынша жұмыстары бойынша бөлінген қаражат 41 821,0 мың теңге. Мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жарияланды. Ұсынылған хабарландыру негізінде женімпаз анықталып 2022 жылдың 11 қазаныңда №220051 келісім шарты мердігер "KSB-Дорстрой" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жасалды, жалпы сомасы 22 400,0 мың теңге. Жоспар бойынша қазан айында 6 720,0 мың теңге игерілді, қалған қаражат қараша айында игеріледі.