Меню

Страницы

Статья

Кербұлақ ауданы Қызылжар ауылдық округі бойынша қысқаша мәлімет

Қызылжар ауылдық округі бойынша аула саны – 320 аула, оның ішінде:

  • Қызылжар ауылы - 250 аула;
  • Шилісу ауылы – 39 аула;
  • Желдіқара ауылы - 22 аула;
  • Ақсұңқар жол учаскесі - 9 аула.

Қызылжар ауылдық округі округі халық саны – 1524 адам:

  • Қызылжар ауылы - 1223 адам;
  • Шилісу ауылы - 181 адам;
  • Желдіқара ауылы - 98 адам;
  • Ақсұңқар жол учаскесі - 22 адам.

Ұлттық құрам бойынша қазақтар -1509, орыстар - 7, украиндықтар -1,  ұйғырлар - 5, өзгеде ұлт өкілдері - 2.

Ауыл шаруашылығы

Мал шаруашылығы бойынша

Округте 1597 бас мүйізді ірі қара, 11832 бас қой-ешкі,472 бас жылқы және 4376 құс өсірілуде.

 Округте 320 аула тіркелген, оның 258 ауласында малы бар, 62 аулада малы жоқ.

  Егін шаруашылығы бойынша

Қызылжар ауылдық округінде 84 шаруа қожалығы, 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 1 өндірістік коператив бар.

2022  жылы себілген  егістік  жер – 6065   гектарды құрайды.            Оның – 2282 гектары күздік бидай және 3783 гектарға арпа себілді.

Ауылдық округте 30- трактор, 22 - комбайн, 42 басқадай техникалар бар.

Ветеринария бойынша

Ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру бойынша 12 айдағы орындалғаны:

-  МІҚ – 464 бас (жылдық  жоспары -1020 бас);

-  ҰММ - 4412 бас (жылдық  жоспары -6745 бас);

-  Жылқы – 259 бас (жылдық  жоспары -375 бас);

-  Шошқа - 0 бас (жылдық  жоспары - 0  бас);

-  Барлығы - 5135 бас (жылдық  жоспары -8140 бас).

Шаруашылық субъектілер бойынша

  Барлық  шаруашылық субъектілер  - 93, оның ішінде:

  1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер-1 («Alacem» ЖШС);
  2. Шаруақожалықтар - 84;
  3. Жеке кәсіпкерлер - 6.
  4. Өндірістік коператив – 1;

Халыққа қызмет көрсету нысандары – 1(АЗС).

Жер ресурсы бойынша:

Барлық  жер көлемі – 40288 га, оның ішінде:

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі 32936 га, оның ішінде:

  • Егістік жер – 8 539 га;
  • Жайылымдық жер – 23 548 га;
  • Шабындық жер –  849  га.

Денсаулық сақтау нысандары бойынша:

Қызылжар ауылдық округінде 1 - дәрігерлік амбулатория,                                2 – фельдшерлік пункт  халыққа қызмет көрсетеді. Мұнда барлығы 1-жоғары білімді дәрігер, 11 – орта медициналық білімі бар мамандар қызмет көрсетеді. Алғашқы көрсетілетін көмекке және диспансерлік есепте тұрғандар дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілген, 1 жедел-жәрдем автокөлігі бар. Округ орталығы Қызылжар ауылында дәрігерлік амбулатория жұмыс істеп тұр. 1989 жылы салынған бейімді құрылыс. Күрделі жөндеуді қажет етеді. Медпункттер: Шилісу ауылында 1950 жылы салынған, бейімді құрылыс, ағымдағы жөндеуді қажет етеді. Желдіқара  ауылында 1970 жылы салынған, бейімді құрылыс, ағымдағы жөндеуді қажет етеді.

Білім саласы бойынша:

2022-2023 оқу жылында Қызылжар ауылдық округінде 1 орта мектеп және 1 негізгі мектеп, 1 бастауыш мектеп жұмыс істейді. Олар:

  1. Ж.Жапаров ОМ –264 ;
  2. Шилісу негізгі мектеп – 42;
  3. Желдіқара бастауыш мектебі– 7;

Барлығы - 313 оқушы оқиды.

Қызылжар ауылдық округінде мұғалімдер саны - 63.

Білім мекемелерінің барлығы интернет желісіне қосылған.

Сумен жабдықтау

Қызылжар ауылы су жүйесімен толықтай қамтылған. Қызылжар ауылында 320  аула бар, оның ішінде 40 аула бос. Ауыз су түсірілген 161 аула ауыз суға төлем төлейді, абоненттерден 150 000 мың теңге көлемінде қаражат жиналады. Шилісу ауылы бойынша: 39 абонент (оның ішінде 11 абонент қолданылмайды). Жиналатын қаражат  28 000 мың теңгені құрайды.  Желдіқара ауылы бойынша: 20 абонент.   

 Ауыл жолдары

Қызылжар ауылы облыс орталығына дейін 110 км, аудан орталығына дейін 20 км, темір жол станциясына дейін 20 км. Ішкі көше жолдары асфальт төселімі 8161 км.

Шилісу ауылы облыс орталығына дейін 127 км, аудан орталығына дейін  37 км, темір жол станциясына дейін 37 км. Ішкі көше жолдары асфальт төселімі 0 км.

Желдіқара ауылы облыс орталығына дейін 78 км, аудан орталығына дейін  12 км, темір жол станциясына дейін 12  км. Ішкі көше  асфальт төселімі  - 100 км.

Ақсұңқар жол учаскесі облыс орталығына дейін 110 км, аудан орталығына дейін  15 км. темір жол станциясына дейін 15 км. Ішкі көше шағын жол 0 км құрайды.

Байланыс

Қызылжар ауылында 1 почта бөлімшесі бар.

Қызылжар ауылы

Шилісу ауылы

Желдіқара ауылы

Ақсұңқар жол учаскесі

 

Байланыс операторлары

Интернет жылдамдығы

Байланыс операторлары

Интернет жылдамдығы

Байланыс операторлары

Интернет жылдамдығы

Байланыс операторлары

Интернет жылдамдығы

Beeline

3G

Beeline

жоқ

Beeline

жоқ

Beeline

жоқ

Activ

2G

Activ

жоқ

Activ

жоқ

Activ

жоқ

Tele 2

3G

Tele 2

жоқ

Tele 2

жоқ

Tele 2

жоқ

Altel

2G

Altel

жоқ

Altel

жоқ

Altel

жоқ

Электрификация

Қызылжар ауылдық округі 100 пайызға электр энергиясымен қамтамасыз етілген.

 Мәдениет және спорт саласы

Округте кітапхана 1, Қызылжар ауылында 1 спорт алаңы бар. Қазіргі таңда Қызылжар және Шилісу ауылдарына балалар ойын алаңы мен спорт алаңын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 Қоғамдық қауіпсіздік

2022 жылдың 12 айында ауылдық округте 5 қылмыс тіркеліп, оның  4-уі ашылды.

 Табыс деңгейі

Округ бойынша экономикалық белсенді халық - 1162 адам, оның ішінде: Қызылжар ауылы - 908 адам, Желдіқара  ауылы -  70 адам, Шилісу ауылы - 169, Ақсұңқар жол учаскесі - 15адам.

Еңбекпен қамтылғандары 1160 адам, жалдамалы жұмысшылар: барлығы - 508 адам. Оның ішінде: бюджеттік мекемелерде қызмет атқаратындар 95 адам, шаруа қожалықтарда жұмыс істейтіндер 208 адам.

 Мемлекеттік атаулы атаулы әлеуметтік көмекті жыл көлемінде алғандар

-  АӘК тағайындалған отбасы: 5;

-  Ондағы адам саны: 26;

-  Берілген қаржы:  4 755 960 теңге.

 Көп балалы отбасылар саны - 117 отбасы, оның ішінде:

- Қызылжар ауылы - 92;

- Шилісу  ауылы - 16;

- Желдіқара ауылы - 9;

- Ақсұңқар жол учаскесі – 0.

 Мүгедектер - 40 адам; 

Зейнеткерлер  - 193  адам.

Дата публикации
13 января 2023
Дата обновления
13 января 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

07 июля 2026
Инфографикалар
02 июля 2026
Құрылтай - 2026
13 марта 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы