Құрметті аудан тұрғындары
және қонақтары!
Жаңа жыл қарсаңында қалыптасқан дәстүр бойынша еліміздің түпкір - түпкірінде мерекелік шараларды өткізу рәсімі өтіп жатыр.
Ескі жылға тағзым етіп, келер жылды қарсы алудың символына айналған жасыл шыршаның мерекелік салтанатына қош келдіңіздер!
Халқымызда «Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп» деген даналық сөз бар.
Біз қашанда өткенге салауат айтып, болашақтан жақсылық пен үміт күтеміз!
Өтіп бара жатқан жылдың жақсылығы ғана есте қалып, келе жатқан жаңа «Қоян» жылы аудан халқының әл-ауқаты мен тұрмысын жақсартатын, ел экономикасын көтеретін құтты жыл болсын.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, жарқын болашаққа деген сенімі нық болсын!
Жаңа Жыл — бірлік пен татулықтың, әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын.
Барлық бастамалардың бағы жанып, биік белестер мен асқар асуларға жетелесін! Жаңа жыл Сіздер үшін зор жетістіктерге қол жететін, ой-мақсаттар жүзеге асатын, арман-үміттер ақталатын жыл болсын. Сіздерге зор денсаулық, молшылық пен бақыт тілеймін.
Құрметті аудан тұрғындары!
Жаңа 2023 жылмен барша Күреңбелдіктерді шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа жыл шаттық пен қуаныштың жылы болсын! Әр шаңыраққа береке-бірлік, дендеріңізге саулық, бастарыңызға амандық тілеймін!
Жаңа жыл құтты болсын!