Меню

Страницы

Статья

Астана қаласының 23 жылдығына арналған салтанатты жиында аудан әкімі Ғ.Сарыбаевтың сөйлеген сөзі

Құрметті жерлестер, қадірменді қауым!

 Ұлан-ғайыр қазақ даласының қан кіндігі – Сарыарқа төсінде,  ерке Есілдің жағасында ХХІ ғасырдың  ғажайыбы – арайлы Астана қаласы бой көтергелі 

23  жыл толып отыр.

1994 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс жасады.

1997 жылы қазанның 20 күні астананы ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойды. 1998 жылы мамырдың
6 күні Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгерді. 1998 жылы ЮНЕСКО шешімі Нұр-Сұлтан қаласын "Бейбітшілік қаласы" деген атауға сай деп танып, медальмен марапаттады. 1998 жылғы 10 маусым күні жаңа астананың ресми тұсаукесері болып өтті.

2008 жылы 24 маусымдағы Заңмен 6 шілде – Астана күні, мемлекеттік мереке болып белгіленді. Содан бері осы күн Астана  қаласының туған күні ретінде мерекеленіп, еліміздегі мәні зор, маңызы айрықша мерекелердің қатары тағы бір күнмен толықты.

 Ал 2019 жылы 23 наурыз күні мемлекет басшысы
Қасым-Жомарт Тоқаевтің жарлығымен Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгерді. 

Міне, осылайша жиырмадан астам жылда көпті тоғыстырған басты орда бүгінде Нұр-Сұлтан қаласына айналды. Бағаналы басты ордамызға айналған
Нұр-Сұлтанның келешегі кемел болсын деген ниет бар.

Елді игілікке бастаған елордамыздың еңсесі биік, тұғыры берік, болашағы жарқын болатынына кәміл сенімдіміз.

Тәуелсіздік тарихында    Елорда – Елбасының төл туындысы, демек, Астанаға көрсетілген құрмет – Ұлт Көшбасшысына  көрсетілген құрмет деп білуіміз қажет.

Тарих үшін қас-қағым сәт болып жылдар ішінде саналатын еліміздің бас қаласы Еуразиялық кеңістіктегі өзіндік келбеті бар қалаға айналып үлгергені баршаларыңызға мәлім.

Бүгінде Елбасының тәуекелге бел буған сол бір жылдардағы тарихи  идеясынан туындаған Бәйтерек, Бейбітшілік пен Келісім сарайы,
Хан шатыры бүкіл әлемге танылған тәуелсіздігіміздің символына айналды.  

Ұлт Көшбасшысы – тұңғыш Президентіміздің ел астанасын көшірудегі  басты мақсаты – елдің тез өркендеуі, жердің толассыздығы, халықтардың бірлігін бекіте түсу болса, оның түпкі мақсатында рухани талпынысы биік ел болып, адамзаттың қол жеткен жағымды жаңалығын қатар игеру, болашақты бейбіт және жедел өрісті ету болып табылады.            

 Құрметті жерлестер!

Осының барлығы Елбасының салиқалы саясатының, оны   халықтың қолдауының, елдің бірлесе атқарған еңбегінің арқасы, ортақ жетістігіміз бен  жемісіміз.

Астанадағы өтіп жатқан халықаралық кездесулер
және    діни     өкілдерінің                     құрылтайлары Елордамыздың саяси беделін шыңдап, оның жалпы келбетін асқақтата білді. Тау өзенінің ағымындай дабыл соққан батырлар жаңғырығы  бүгінгі көпұлтты еліміздің атқарып жатқан тың-тіршілігімен сәнді де, мәнді  үндеседі. Бұл ретте  біз тарихымыз терең, бүгінгіміз шаттыққа толы, келешегіміз айқын дамып келе жатқан біртұтас елміз!

Сіздерді және барлық күреңбелдіктерді   Елордамыз – Астананың 24 жылдық мерей тойымен шын жүректен құттықтаймын!

Бас қаламыздың  қарқынды дамуы еліміздің алға жылжуына әрдайым арқау болғай!                          

Баршаларыңызға зор денсаулық, баянды бақыт, ашық аспан, бірлік-береке тілеймін! 

Мереке құтты болсын,  қадірменді жерлестер!

 

Дата публикации
06 июля 2022
Дата обновления
Тип
Сөз сөйлеу

Сейчас читают

07 июля 2026
Инфографикалар
02 июля 2026
Құрылтай - 2026
13 марта 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы