Тұрғын үй кезегінде тұрғандар үшін инвентаризация — бұл кезекте тұрған адамдардың мәліметтерін жаңарту және олардың қазіргі таңда үйге мұқтаждығын тексеру рәсімі. Түгендеуден өтпеген жағдайда, Отбасы банк сайты (orken.otbasybank.kz) арқылы кезекте тұрған азаматтар үй алу құқығынан айырылуы мүмкін.