Сарыөзек ауылының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (сызбасын) бекіту туралы

2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 8-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы  жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы     23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының                     1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Дата публикации
18 ноября 2020