Кербұлақ ауданының аумағында орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1, 48 бабының 6 тармағы негізінде, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін 29.07.2025 жылғы өткізілген конкурстан ойнатылмай қалған 7 лоттарға уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі қайта өткізілетін конкурс 2025 жылдың 22 қыркүйегінде Сарыөзек ауылы, Б.Момышұлы көшесі № 10 мекен жайда орналасқан Кербұлақ ауданы әкімдігінің ғимаратында жабық түрде өткізіледі.
Конвертерді ашылуы сағат 15:00-ден басталады. Өтінімдерді 2025 жылдың қыркүйек айының 08-19 күндер аралығында Сарыөзек ауылы, Б.Момышұлы көшесі № 10 мекен жайда орналасқан Кербұлақ ауданының әкімдігінің «Ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің» №10 кабинетінде қабылданады.
Өтінімдердің соңғы қабылдау күні 2025 жылдың 19 қыркүйек сағат 18:00-ға дейін.
Осыған қоса Конкурстың өткізілуі туралы ережелері мен тәртібімен «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен (adilet.zan.kz) сайттарынан таныса алатыңыздарды жеткіземіз.