Кербұлақ ауданы бойынша «Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы есепке» талдамалық анықтама (2025 жылдың ІІ тоқсанына)

Кербұлақ ауданы бойынша «Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы есепке» талдамалық анықтама

(2025 жылдың ІІ тоқсанына)

«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына» сәйкес, ұсынылып отырған есепте жалпы – 286 қызмет көрсетілді, оның ішінде жеке тұлға–178, заңды тұлға–108. Көрсетілетін қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны–0, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетудің баламалы мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілгендер саны–0, электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің                            саны –129 (45.10 %), "электрондық үкімет" арқылы www.egov.kz, www.elicense. kz–157 (54.89 %), мемлекеттік корпорация арқылы (ХҚКО)–0.                     

 

Қызметті көрсетуден бас тартылғандар 2025 жылдың II тоқсаны                       бойынша–27.

Есепті кезеңде белгіленген мерзімдерді бұза отырып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы бойынша шағымдар түскен жоқ.

«Кербұлақ ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі көрсетілетін қызметтер бойынша 2025 жылдың II тоқсанында  5 іс-шаралар («QYZMET LIVE» жобасы бойынша тікелей эфирлар, жәрмеңкелер, қоғамдық қабылдаулар, ашық есік күндері т.б.) ұйымдастырылды және  жергілікті «Кербұлақ жұлдызы» газетіне 2 мақала жарияланып,   2 видеоролик түсірілді, 3-билборд ілініп, Жетісу телеарнасымен  1 сюжет түсірілді. Жалпы іс-шарамен 21 103 адам қамтылды.

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткендер саны -2.

Кербұлақ ауданы бойынша «Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы есепке» талдамалық анықтама (2025 жылдың ІІ тоқсанына)
Дата публикации
03 июля 2025