Кербұлақ аудандық мәслихатының 2024 жылғы 17 мамырдағы «Кербұлақ ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» № 15-130 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Кербұлақ аудандық мәслихатының 2024 жылғы 17 мамырдағы «Кербұлақ ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» № 15-130 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 211-19 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Кербұлақ ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:

8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«8. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкімет» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.»

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кербұлақ аудандық мәслихатының 2024 жылғы 17 мамырдағы «Кербұлақ ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» № 15-130 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Дата публикации
08 апреля 2025