Кербұлақ ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы

Кербұлақ ауданында дауыс беруді өткізу және

дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы                        28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының                    23-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағына сәйкес, Кербұлақ ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Кербұлақ ауданында дауыс беруді өткізу және санау үшін сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.
  2. Кербұлақ ауданы әкімінің «Кербұлақ ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 1812106730 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4957 тіркелген, 2019 жылғы 11 қаңтарында Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Кербұлақ ауданы әкімінің аппарат басшысы Акниет Турысбекович Туматаевқа жүктелсін.
  4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

М. Бигельдиев

 

Дата публикации
28 октября 2020