ШЕШТІМ:
- Кербұлақ ауданы әкімінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 7 «Кербұлақ ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5345 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Кербұлақ ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
1.Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Кербұлақ ауданының аумағында сайлау учаскелері құрылсын.»
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын,
- «Кербұлақ ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді оның ресми жарияланғанынан кейін Кербұлақ ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
- Кербұлақ ауданы әкімінің «Кербұлақ ауданы әкімінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы «Кербұлақ ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» № 7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 6 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылы 30 желтоқсанда № 31472 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Кербұлақ ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
|
Кербұлақ ауданының әкімі
|
|
Қ. Есболатов
|