Кербұлақ ауданы әкімінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы «Кербұлақ ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» № 7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

ШЕШТІМ:

  1. Кербұлақ ауданы әкімінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы
    № 7 «Кербұлақ ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5345 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

«Кербұлақ ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы»;

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

1.Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Кербұлақ ауданының аумағында сайлау учаскелері құрылсын.»

көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын,

  1. «Кербұлақ ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімнің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы шешімді оның ресми жарияланғанынан кейін Кербұлақ ауданы әкімдігінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Кербұлақ ауданы әкімінің «Кербұлақ ауданы әкімінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы «Кербұлақ ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» № 7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 6 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылы 30 желтоқсанда № 31472 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Кербұлақ ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

Кербұлақ ауданының әкімі

 

Қ. Есболатов

Кербұлақ ауданы әкімінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы «Кербұлақ ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» № 7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
14 февраля 2025