Кербұлақ ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы

ЖОБА

 Кербұлақ ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін

және тәртібін айқындау туралы

«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы30 желтоқсандағы № 2314 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Кербұлақ аудандық мәслихаты          ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Кербұлақ ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері және тәртібі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2.Осы шешімнің орындалуын бақылау Кербұлақ аудандық мәслихатының «Білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, туризм, халықты әлеуметтік қорғау  жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3.Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы                   Аты-жөні

 

Дата публикации
23 октября 2020