Кербұлақ аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 53-305 «Кербұлақ ауданының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

ЖОБА

 

Кербұлақ аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы

№ 53-305 «Кербұлақ ауданының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті

туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы                23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының               1) тармақшасына сәйкес, Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Кербұлақ аудандық мәслихатының «Кербұлақ ауданының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 53-305 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5387 тіркелген, 2020 жылдың 13 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:

«1. 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер 15 496 292 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер 541 589 мың теңге;

салықтық емес түсімдер 3 273 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 2 097 мың теңге;

трансферттер түсімі 14 949 333 мың теңге, оның ішінде:

төмен тұрған мемлекеттiк басқару органдарынан трансферттер 362 мың теңге;

ағымдағы нысаналы трансферттер 6 657 873 мың теңге;

нысаналы даму трансферттер 780 752 мың теңге;

субвенциялар 7 510 346 мың теңге;

2) шығындар 17 919 198 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу 101 068 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер 141 678 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу 40 610 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 2 523 974 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)  2 523 974 мың теңге».

  1. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың «Аудан экономикасы мен бюджеті, салық, кіші және орта кәсіпкерлікті қолдау, коммуналдық шаруашылық, көгалдандыру және халыққа қызмет көрсету жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  3. Осы шешім 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
09 октября 2020