Конкурс өткізу туралы хабарландыру!!!

Конкурс өткізу туралы хабарландыру!!!

Конкурсты ұйымдастырушы: «Жетісу облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» ММ;

электрондық поштаның мекенжайы: dpp_md@mail.ru;

байланыс телефоны: 8 (7282) 32-93-92.

Конкурстың нысанасы: әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне және «Бір ауыл – бір өнім» бағдарламасының финалистері болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік грант беру.

Конкурс нысаны: ашық конкурс.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді беру орны: (https://www.kezekte.kz)  субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы.

Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша электрондық өтінімді және толық конкурстық құжаттар топтамасын ұсынады.

Өтінімдерді ұсыну мерзімі: 2024 жылғы «25» қарашадан бастап 2024 жылғы «26» қарашаға дейін қоса алғанда.

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылдауға жатпайды.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасына хабарласуға болады: Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26, 1 қабат, оң қанат, 106 кабинет немесе 8 (7282) 32-93-92 телефоны арқылы.

Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен өңірлік үйлестірушінің «Жетісу облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» ММ ресми сайтында https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-industrial/press/news/details/874116?lang=ru және Instagram https://www.instagram.com/zhetysu_kasipkerlik_basqarmasy?igsh=NTZucGdvaWE3aDM5  мен Facebook  https://www.facebook.com/share/bGYGexu5XLKJB8WL/?mibextid=LQQJ4d  әлеуметтік желілерінде танысуға болады.

 

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттарды алуға үміткер кәсіпкерлер өтінімге PDF форматындағы құжаттардың мынадай сканерленген көшірмелерін қоса береді:

 

      1) өтінім берген кездегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған анықтама;

 

      2) бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 %-ы мөлшерінде бизнес-жобаға қатысатын ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен қоса қаржыландырудың бар екенін растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының бар-жоғы туралы банктік шоттан үзінді-көшірме немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және (немесе) жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар;

 

      3) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі немесе "Бір ауыл – бір өнім" бағдарламасының финалисі болып табылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі ретінде кәсіпкердің мәртебесін растайтын құжаттың көшірмесі.

Конкурс өткізу туралы хабарландыру!!!
Дата публикации
31 октября 2024