Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Cарыбұлақ ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы және сайланған әкімді тіркеу туралы ХАБАРЛАМА

           2024 жылғы 09 маусымда Сарыбұлақ сайлау округі бойынша Кербұлақ  ауданының  Сарыбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.

          «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына,              44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10 - бабына сәйкес, Сарыбұлақ  ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау нәтижелерін анықтады:

            Сарыбұлақ сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне                         766 азамат енгізілді, оның 329-і, немесе 43,0% дауыс берді, жарамсыз бюллетендердің саны - 8, «бәріне қарсы» деген жолда - 5.

           Әкімдікке кандидаттар саны 3 адам, оның 1-ін «АMANAT» партиясы ұсынды, 2-і  өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.

            Әр үміткерге берілген дауыстар саны:

            Байболат Г.Б. – 4, Бектемиров Б.А. – 148, Болатов А.А. - 164.

            Сарыбұлақ ауылдық округінің әкімі болып Болатов Әділет Әлібекұлы сайланды,  1989 жылы туған,  «Кербұлақ ауданы әкімі  аппараты» ММ-де әскери жұмылдыру жұмысы және аумақтық қорғаныс жөніндегі бас инспектор, Жетісу  облысы,  Кербұлақ ауданы, Қарағаш  ауылының тұрғыны, өзін - өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

           Кербұлақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының  113-11 - бабының 1 тармағына сәйкес                     2024 жылғы 09 маусымда сайланған Кербұлақ ауданы Сарыбұлақ ауылдық округінің әкімін 2024 жылғы 10 маусымдағы шешімімен тіркеді.

                                    

Кербұлақ  аудандық  аумақтық

сайлау  комиссиясы

Дата публикации
10 июня 2024