«Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 20 бабының 12 тармағына сәйкес, аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТТІ:
- № 180 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі Болат Асқарбек Әлібекұлының, ағасы Болатов Әділет Әлібекұлының Сарыбұлақ ауылдық округі әкімдігіне 2024 жылдың 16 мамырында кандидат болып тіркелуіне байланысты, уақытша сайлау науқаны кезеңінде сайлау комиссиясының мүшесі қызметін атқаруы тоқтатылсын.
- № 180 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне уақытша 2024 жылдың 16 мамырынан бастап, сайлау кезеңі аяқталғанға дейін Джаксылыкбаев Абылайхан Болатұлы тағайындалсын.
- Осы қаулы Кербұлақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және аудандық «Кербұлақ жұлдызы» газетінде жариялансын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы М.Турдахунға жүктелсін.