Кербұлақ аудандық мәслихатының «Кербұлақ ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 09- 80 шешiмiне өзгеріс енгiзу туралы

ЖОБА

 

Кербұлақ аудандық мәслихатының «Кербұлақ  ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің

 және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының

 тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы»

2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 09- 80 шешiмiне

өзгеріс енгiзу туралы

 

Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:       

  1. Кербұлақ аудандық мәслихатының «Кербұлақ ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 09-80 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 109-19 болып тіркелген) шешiмiне келесі өзгеріс енгізілсін:

1.1) 1- тарау, 2.1. тармақшасы келесі  редакцияда жазылсын:

Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

1.2) . 2- тарау, 7 тармақ 6) тармақшасы келесі  редакцияда жазылсын: Әлеуметтік маңызы бар аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігінің шектелуі деп танылған тұлғалар (отбасы): әлеуметтік маңызы бар ауруымен диспансерлік есепте тұрған адамдарға жан басына шаққандағы орташа кірісін есепке алмай - ай сайын 7 (жеті) айлық есептік көрсеткіш;

  1. 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
10 апреля 2024