2024 жылғы 11 ақпанға тағайындалған Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Басши және Көксу ауылдық округі әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

 

2024 жылғы 11 ақпанға тағайындалған Жетісу облысы Кербұлақ ауданы                     Басши және Көксу ауылдық округі әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі  негізгі  іс-шаралардың 

КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

 

1. Ауылдық округтер әкімдерінің (бұдан әрі – әкімдерін) сайлауын тағайындау

 

 

 

Кербұлақ аудандық сайлау комиссиясы

2024 жылғы 03 қаңтар                                             (113-1-б.2, 3-т)

 

 

2. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аудандық сайлау комиссиясының орналасқан жерін көрсете отырып,тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

 

Кербұлақ  аудандық сайлау комиссиясы.

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей, 2024 жылғы 13  қаңтардан кешіктірмей

(22-б.)

 

 

3. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

 

Кербұлақ аудандық сайлау комиссиясы.

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей, 2024 жылғы 13 қаңтардан  кешіктірмей

(13-б. 4-т.)

 

 

4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау   

 

 

Кербұлақ аудандық сайлау комиссиясы.

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей,             2024 жылғы 18 қаңтардан кешіктірмей                        (17-б. 2-т.)

 

 

5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау     

 

 

 

 

 

 

Аудан әкімінің аппараты

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімнен кешіктірмей, 2024 жылғы 18 қаңтардан  кешіктірмей

 

(23-б. 5-т.)

 

 

6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну

                                           Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар.

Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма  бес күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады.

2024 жылғы 04 қаңтарда  басталады және 2024 жылғы                    16 қаңтарда  сағат 18-00-де аяқталады

(113-3-б.1-т.5-т.)

           7. Әкімдікке кандидаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясында, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау

 

 

Кербұлақ  аудандық сайлау комиссиясы,

қажетті құжаттарды алған сәттен бастап

(4-б,2 т. 113-5 -б.11 т.)

 

 

 

8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру

 

 

Кербұлақ аудандық сайлау комиссиясы.

Әкімдікке кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және  сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап

(14-б.8-1) тт 31-б)

 

9. Әкімдікке кандидаттарға қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру

 

 

Кербұлақ аудандық сайлау комиссиясы.

Кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және Конституциялық заңында,«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күн ішінде

(113-4-б)

 

 

10. Әкімдікке кандидаттарды қолдау үшін жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы рәсімдеу

 

 

Паспорт қызметінің қызметкерлерін тарта отырып Кербұлақ аудандық сайлау комиссиясы.

Қол қою парақтары Кербұлақ аудандық сайлау комиссиясына тапсырылғаннан кейін үш күн мерзімде

(113-4-б. 8-т)

 

11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына әкімдікке кандидаттардың республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және 2024 жылдың 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу.

 

 

Әкімдікке кандидаттар, саяси партиялар.

Кандидатты тіркегенге дейін

(113-5-б. 2-т)

 

 

12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайы бойынша)

 

 

Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы)

кандидатты тіркегенге дейін

(113-5-б. 3-т)

 

 

13. Кандидат және оның жұбайының (зайыбының) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

 

Мемлекеттік кіріс органдары

Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде

 

(113-5-б. 4-т)

 

 

14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті  куәліктер беру

 

 

Кербұлақ аудандық сайлау комиссиясы.

Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күніне жиырма күн қалғанда жергілікті уақытпен  сағат  18-00 де аяқталады

2024 жылы 04 қаңтарда басталады және 2024 жылы                            21 қаңтарда  жергілікті уақытпен сағат 18-00 де аяқталады

(113-5-б)

 

 

15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

 

Кербұлақ аудандық сайлау комиссиясы.

Кандидаттарды тіркегеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей

 (113-5-б. 9-т.)

 

 

16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру

 

 

Кербұлақ ауданы әкімінің аппараты және аудандық сайлау комиссиясы

Үгіт басталғанға дейін

(28-б. 6-т.)

 

 

17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу

 

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

2024 жылдың 21 қаңтарда сағат 18.00-ден кейін басталады және 2024 жылдың 10 ақпан нөл сағатта аяқталады

 

(27-б. 2-т.)

 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру және бөлінген үй-жайларда кандидаттардың және олардың сенім білдірген адамдарының сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

 

Кербұлақ ауданы әкімінің аппараты және аудандық сайлау комиссиясы.

Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде

(28-б. 4-т.)

 

 

19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссияларына акт бойынша ұсыну     

 

 

Аудан әкімі.

Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын,                                         2024 жылғы 22  қаңтардан кешіктірмей

(24-б. 5-т)

 

 

20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беретін күнге он бес күн  қалғанда,                                            2024 жылғы  27  қаңтардан бастап

(26-б. 1-т.)

 

 

21. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету                                                                             

 

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей,              2024 жылғы 01  ақпаннан кешіктірмей

(18-б. 5- т., 38-б. 2-т.)

 

 

22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу

 

 

Кербұлақ аудандық сайлау комиссиясы.

Сайлауға үш күннен ерте емес және кемінде бір күн қалғанда, 2024 жылғы 08 ақпаннан ерте емес және 2024 жылғы                                       10  ақпаннан кешіктірмей

(37-б. 3-т.)

 

 

23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда

Егер дауыс беруді бастаудың басқа уақыты белгіленбесе,                  2024 жылғы 11 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де

(40-б. 1-т.)

 

24. Дауыс беруді өткізу

 

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Сайлау күні егер дауыс берудің басқа уақыты белгіленбесе,               2024 жылғы 11 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін

(38-б. 1-т.)

 

 

25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде тиісті әкімдер сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау

 

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Егер дауыс беруді аяқтаудың басқа уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады                                                                         

 

                                                                                    (18-б. 8) т., 43-б.)

 

 

26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпы жұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу                               

 

 

Учаскелік  сайлау комиссиялары

Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу

(43-б. 8-т.)

 

27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аудандық сайлау комиссиясына ұсыну

 

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін  – дереу

(113-8-б. 1-т.)

 

28. Әкім сайлауының қорытындыларын анықтау

 

 

 Кербұлақ аудандық сайлау комиссиясы

Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей

2024 жылғы 14 ақпаннан кешіктірмей

(113-10-б.)

 

 

29. Әкімдерді сайлау қорытындылары  туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

 

Кербұлақ аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей.                 2024 жылғы 18 ақпаннан кешіктірмей

(44-б.)

 

 

30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру

 

 

Кербұлақ аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде

Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді өздерінен алып тастау туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін. 2024 жылғы                                       18 ақпаннан кешіктірмей

(45-б, 2-т, 46-б, 113-11-б)

 

 

 

       

Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.

Дата публикации
03 января 2024