Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Қарашоқы ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындысы және сайланған әкімді тіркеу туралы ХАБАРЛАМА
2023 жылы 10 желтоқсанда Қарашоқы сайлау округі бойынша Кербұлақ ауданының Қарашоқы ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Қарашоқы ауылдық округі әкімін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау нәтижелерін анықтады:
Қарашоқы ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1464 сайлаушы енгізілді, оның 1170-і, немесе 79,9% дауыс берді, жарамсыз бюллетеньдердің саны - 2, «бәріне қарсы» деген жолда - 3.
Әкімдікке кандидаттар саны 3 адам, оның 1-ін «Аmanat» партиясы ұсынды, 2-і өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылды.
Әр үміткерге берілген дауыстар саны:
Ақбасова Д.И. – 1107 (94,8%), Маралбаева М.Ж. – 25 (2,14%), Мұзбаев М.И. – 33 (2,83%).
Қарашоқы ауылдық округінің сайланған әкімі Ақбасова Дина Ирасылқызы, 1964 ж.т., Қарашоқы ауылдық округінің әкімі, Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Қарашоқы ауылдық округі, Қарашоқы ауылында тұрады, «Amanat» партиясы ұсынған.
Кербұлақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-11 - бабының 1 тармағына сәйкес 2023 жылғы 10 желтоқсанда сайланған Кербұлақ ауданының Қарашоқы ауылдық округінің әкімін 2023 жылғы 11 желтоқсанындағы шешімімен тіркеді.
Кербұлақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы