Кербұлақ ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы

ЖОБА

 

 Кербұлақ ауданында стационарлық емес сауда объектілерін

орналастыру орындарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі  «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8, 12-баптарына сәйкес,  Кербұлақ ауданының әкімдігі                      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Сауда қызметін реттеу үшін Кербұлақ ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Бөлінген алаңдарға сауда жасау үшін рұқсат беретін мемлекеттік мекемелер ауылдық округ әкімдерінің аппараттары болып танылсын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Аденовке жүктелсін.
  4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкімі                                                       М. Бигелдиев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кербұлақ ауданы әкімдігінің

2020 жылғы «____» _________

№ ____ қаулысына қосымша

 

Сарыөзек ауылы

 

  1. Жібек-Жолы көшесі «Фартуна» кафесіне қарама қарсы - 200 шаршы метр.
  2. Т.Рысқұлов көшесі «Космос» дүкеніне қарама-қарсы - 300 шаршы метр.
  3. Мадибекұлы көшесі «Дарын» базарының оң жағында - 100 шаршы метр.

 

Қоғалы ауылы

 

  1. Желтоқсан көшесі «Автобөлшектер» дүкеніне қарама-қарсы - 100 шаршы метр.

____________________________________________________________________

 

 

 

 

Дата публикации
05 августа 2020