2023 жылғы 5 қарашада Жетісу облысы Кербұлақ ауданы әкімінің сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 27787 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 18812 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша – 0 дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 169 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 2 кандидат.
Кербұлақ ауданы әкімі сайлауының қорытындылары мынадай болып белгіленді:
Ермек Сүндетбайұлы Ақшабаев үшін сайлаушылардың 1216 дауысы берілді;
Қанат Болатұлы Есболатов үшін сайлаушылардың 16794 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 347.
Сайлау қорытындыларымен Кербұлақ ауданының әкімі болып Қанат Болатұлы Есболатов сайланды, 1982 жылы туған, Жетісу облысы Кербұлақ ауданының әкімі, Кербұлақ ауданы.
Жетісу облысы Кербұлақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясы